Хамаңның һәм Қазақтың Гүлжанына

Амиржан Косанов 2013 M08 28
288
0
0
0

Хамаңның һәм Қазақтың Гүлжанына   Тойыңа досты шақырдың, Жүрісің бөлек, тұрысың! Хамаңдай сынды ақынның Қызы боп туу - ұлы сын!   Оппозициялық жол қандай, Халқыңның болдың үніндей! Басқаға үлгі...

Хамаңның һәм Қазақтың Гүлжанына

 

Тойыңа досты шақырдың,

Жүрісің бөлек, тұрысың!

Хамаңдай сынды ақынның

Қызы боп туу - ұлы сын!

 

Оппозициялық жол қандай,

Халқыңның болдың үніндей!

Басқаға үлгі болғандай,

Сол сыннан өттің сүрінбей!

 

Қудалау көрдің молынан,

Орындап әке талабын -

Хамаңның түскен қолынан

Сен ұстап қалдың қаламын!

 

Батырға өзің ұқсадың,

Танымал елге сен – есім!

Қазақтың мұң мен мұқтажын

Орысша жазып келесің!

 

Қазақтың жыршыл жүрегі!

Қайтесің талап жоқтарды -

Хамитті білмей, біледі

Карзай мен Алтынтоптарды!

 

Ұғымды ұлттық ұлғайтсын,

Билік те, қараш тұрғанын:

Тәттіге тәнті ол қайтсін

Хамаңның ащы жырларын!

 

Шенеунік  түсіп тайраңға,

Бұзылып кетті бүгінім.

Жеңді әкең жауды майданда,

Сен жеңдің билік былығын!

 

Шаршама, Гүлжан, шаршама!

Өзіңе бүгін басты идім!

Көре алмас сені баршаға

Карай бере кара «очкимен»!

 

Қажауды көріп молынан,

Шарықтау шекке шақ қалдың!

Мыңдардың  келмес қолынан

Тірлікті өзің атқардың!

 

Осымен, Апа, тамаммын,

Халқыңа әркез қарастың!

Қызы боп тудың Хамаңның,

Ері боп шықтың Алаштың!

 

Оцените пост

0