Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:09, 27 августа 2013

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің жедел мәліметі

Өткен аптада 2013 жылғы 19 мен 25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел және қызметтік жұмысының нәтижелері бойынша:

- 76 әкімшілік іс қозғалды;

- 1 576 941 теңге сомасында айыппұл өндіріліп алынды;

- 15 қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ҚМ КБК қызметкерлері тексеру шараларын өткізу кезінде жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына Монғолиядан 169 автокөлік құралдарын жалған құжаттарды пайдалану арқылы контрабандалық әкелу фактісін анықтады.
Есептерге сәйкес контрабандалық әкелінген көліктердің кедендік құны 259 457 723 теңгені құрайды, мемлекетке төленбеген төлемдер мен салықтар түрінде келтірілген залал 391 082 168 теңгені құрады.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 209-бабы 2-бөлігінің «г» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, ҚР ҚМ КБК КҚКБ қызметкерлері ҚР аумағына тауарларды контрабандалық әкелуінің аса ірі фактісін анықталды.
2012 жылғы мерзімде Жамбыл облысы бойынша КБД «Қордай» және «Қарасу» к/бекеттерінде «жалған транзит» қылмыстық схемасын пайдаланумен ҚР аумағы арқылы Қырғыз Республикасына Турциядан әкелінген ХТТ экономикалық контрабанданың 16 фактісі анықталды.
Жүргізілген есепке сәйкес таурлардың кедендік құны 103 197 886 теңгені құрайды, мемлекетке төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар түрінде келтірілген залал 73 178 791 теңгені құрайды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 209-бабы 2-бөлігінің «г» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша КБД ҚР ҚК 209-бабы 2- бөлігінің «г» тармағы бойынша Қазақстанның «Олжа», «Аяла»,» Милосердные люди», «Игі жұмыс» инвалидтер ҚҚҚ бас директоры С.Л. Бадавамовқа қатысты құжаттарды жалған пайдаланумен кеден одағының кеден шекарасы арқылы 2013 жылғы ақпаннан маусымға дейін 35 ТД бойынша аса ірі көлемде кедендік құны 683 906 182 теңгенің тауары әкелген. Тиесілі кедендік төлемдермен салықтар 542 952 527 теңгені құрады.

0
371
0