Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:54, 25 августа 2013

Футбол: Оралдың «Ақжайығы» тағы да 2:2 есебімен тең ойнады

Blog post image

24 тамыз күні премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Өскеменнің «Востогын» қабылдады.

Сербиялық маман Любко Петрович жаттықтыратын батысқазақстандықтардан ойынның 25-минутында чехиялық легионер Павел Черны есеп ашты. Бірінші таймның соңғы сәттерінде «Востоктан» өткен жылғы маусымда «Ақжайық» сапында доп тепкен Вячеслав Эрбес есепті теңестірсе, ойынның екінші кезеңінде 58-минутта Сергей Костюк өскемендіктерді алға шығарды. Дегенмен 65-минутта «Ақжайықтың» құрамындағы камерундық легионер Саджо Хаман таразы басын қайта тең қылды.

«Ақжайық» өткен турда Атырауда да 2:2 есебімен тең ойнаған еді. 30 тамызда әлі де соңғы орында келе жатқан оралдықтар Таразда жергілікті командамен күш сынасады. Осы турда Талдықорғанда «Жетісуді» ұтқан «Таразды» биылғы маусымда сол Л.Петрович баптап, кейін орнынан кеткен болатын. Бұл да «Ақжайық» үшін шешуші ойындардың бірі болмақ.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
180
0