«Менің жеңістерім — бүкіл Қазақстанның жеңісі!» — Геннадий Головкин

Kazsport agent 2013 M08 25
184
0
0
0

«Менің жеңістерім — бүкіл Қазақстанның жеңісі!» — деп мәлімдеді бокстан WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин. Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған салтанатты жиында Головкиндер...

«Менің жеңістерім — бүкіл Қазақстанның жеңісі!» — деп мәлімдеді бокстан WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин.

Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған салтанатты жиында Головкиндер отбасына марапаттар тапсырылды.

«Әйгілі спортшыларды тәрбиелеп жеткізген шахтерлер отбасыларын құрмет тұту дәстүрге айналды», — деді мерекенің жүргізушісі.

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Г. Головкинге төсбелгі және Қарағанды қаласының құрметті азаматы дипломын тапсырды. Әйгілі боксшының әкесі — көмір өнеркәсібі саласының ардагері Геннадий Иванович Головкин «Көмір өнеркәсібі саласының құрметті жұмысшысы» атағына ие болды. Анасы Елизавета Евгеньевнаға да бағалы сыйлық тапсырылды.

«Менің балалық шағым шахтерлер отбасында өтті. Мен өз ата-анамды мақтан тұтамын, Қарағанды облысында туғаныма қуанамын. Қолдау көрсеткендері үшін қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Менің жеңістерім — бүкіл Қазақстанның жеңісі», — деп мәлімдеді спортшы сахнада.

Г. Головкиннің әкесі журналистерге берген сұхбатында зейнетке шыққанына 20 жылдан астам уақыт болғанын айтты. «Алғашында № 4 шахтасында участкелік маркшейдер болып жұмыс істедім. Кейін флотта борышымды өтедім. Әскерден кейін «Қарағанды» шахтасына үңгуші болып бардым, содан кейін тау-кен шебері, учаске бастығы, бригадир болып жұмыс істедім», — дейді ол. Әкесінің сөзіне қарағанда, ол ұлының барлық жекпе-жектерін жібермей көреді.

«Ұлыммен сирек кездесемін. Қазір де ол бірнеше күнге ғана ұшып келді. Жақында немерем келген. Гена Лос-Анджелесте жаттығуда болған, ал келінім Германияда сынақтарын, емтихандарын тапсырған. Сол уақытта немеремді осында алып келген, соны бақтым», — деп ой бөлісті спортшының әкесі.

 

ҚАРАҒАНДЫ.  ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0