Темір Тайсонның «ерлігі»

Kazsport agent August 25, 2013
195
0
0
0

Америкалық әйгілі боксшы Майк Тайсон өз өмірін өзгертіп, алкоголь мен есірткіден бас тартқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ресейдің «Жаңалықтар» ақпараттық агенттігі. Осы аптада Тайсон...


Америкалық әйгілі боксшы Майк Тайсон

Америкалық әйгілі боксшы Майк Тайсон өз өмірін өзгертіп, алкоголь мен есірткіден бас тартқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ресейдің «Жаңалықтар» ақпараттық агенттігі.

Осы аптада Тайсон боксерлік кездесулердің промоутері ретінде жұмысқа кірісті. Оның Iron Man Productions компаниясы жұма күні Нью-Йоркте алғашқы турнирін өткізген болатын. Осыған орай өткізілген баспасөз мәслихатында Тайсон өз өмірі жайлы сыр бөлісті.

«Мен өмірде көп жамандық жасадым. Сол үшін кешірім алып, өмірімді өзгерткім келеді. Мен ажал алдында тұрмын, өйткені мен — маскүнеммін. Ішімдік пен есірткіге жоламағаныма алты күн болды. Бұл — мен үшін нағыз ерлік. Енді бұл бәлеге ешқашан жақындамаспын», — деп ағынан жарылды «темір» Тайсон.

Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Майк Тайсон шаршы алаңда 50 рет жеңіске жетті (44-і — нокаутпен) және алты рет жеңілістің ащы дәмін татты. 1986 жылы ол әлемдік бокс тарихындағы ең жас чемпион атанды. Сонымен қатар атақты боксшы 1992, 1998 және 2008 жылдары үш рет қамауға алынған.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0