Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:06, 21 августа 2013

Ақтауда атыраулық кеденші халықаралық дзюдо жарысында алтын алды

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының еңбек сіңірген қайраткері Тұрар Жолдыбаев

2013 жылғы 17-18 тамыз аралығында Ақтау қаласында Маңғыстау облысының еңбек сіңірген қайраткері Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ересектер мен әйелдер арасындағы V-ші халықаралық турнир болып өтті, деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Жарысқа Қазақстанның барлық аймағы мен Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан мемлекеттерінен 250-ге жуық спортшы, яғни 24 команда қатысып, дзюдошылар 16 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.

Екі күнге созылған турнир қорытындысы бойынша Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің жетекші маманы Бекболат Салықов жүз килограммнан жоғары салмақ дәрежесінде алтын жүлдеге ие болып, чемпион атанды.

Абсолюттік салмақта татамиге қайта шыққан Бекболат бұл салмақ бойынша ІІ орын алды.

Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ұжымы спорт пен жұмысты қатар алып жүрген Бекболатқа жеңісің құтты болсын, бағындырар шыңдарың биіктей берсін деген тілек білдіреді.

 
0
606
0