Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:05, 21 августа 2013

Бұл жеңіс біздегі футболдың даму дәрежесін байқатты — Ә. Жақсыбеков

Қазақстан Футбол федерациясы президенті Әділбек Жақсыбеков

Қазақстан Футбол федерациясы президенті Әділбек Жақсыбеков «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы кездесуден соң қазақстандық команданы жеңісімен құттықтады деп хабарлайды vesti.kz.

«Біз бәріміз бұл жеңісті күттік, бізге жеңіс ауадай қажет еді. Бұл біздің футболдың даму үрдісін дәлелдейді. «Шахтер» «Селтик» сияқты команданы тізе бүктірді. Сіздерге «Селтиктің» кім екендігін айтып түсіндірмей-ақ қояйын», — деді ол.

«Біз Азияға ауысар едік, бірақ Чемпиондар лигасы Азияда жоқ, Еуропа лигасы да жоқ. Сондықтан «Селтик» сынды командалар бізге келмес еді. Әрине, бұл жерде жеңістер үлкен еңбекпен келеді. Сіздерден қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Сын айтуға да болады, әрине, бірақ қолдаған да дұрыс», — деп ол команданың деңгейін бағалап өтті.

Сонымен қатар «Шахтерді» жеңісімен құттықтауға Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин да келді, ол бұл ойынды өзі келіп тамашалады. «Шахтер» жеңісінен жақсы әсердемін. Еуропа футболының алып командаларының бірін тізе бүктірдік. Бұл — қазақстандық спорттың үлкен жетістіктерінің бірі. Дәл осы ойында бірнеше жыл бойғы төккен теріміз нәтижесін берді» — деді А. Мамин.

Оның сөзіне қарағанда, команданың ойыны өз деңгейінде өтті.

«Шынымен де, команданың ойыны ойдағыдай өтті. Бірнеше кезең бойы «Шахтер» тұрақты жоғары көрсеткішпен көзге түсіп келді. Жауапты ойында командамыз тура осындай нәтижемен тиісті деңгейде ойнап, топтық жарысқа қатысуға мүмкіндік алсын деп тілеймін», — деді Асқар Мамин.

Лондонда жүрген екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин «Шахтерді» жеңісімен өзінің твиттердегі парақшасында құттықтады.

«Жеңіс құтты болсын! «Шахтер» футбол командасының ойыншылары жарады! Сендерге табыс пен жеңістер тілеймін! Алға, Қазақстан!» — деп жазылған твиттерде.

2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен қазақстандықтарды «Шахтердің» жеңісімен құттықтады.

«Барлық қазақстандықтарды «Шахтердің» жеңіске жетуімен құттықтаймын! Тарихи матч! Жарайсыңдар!» — деп жазды твиттердегі парақшасында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Д. Тен.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
141
0