Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:37, 21 августа 2013

Олимпиада чемпионы Майя Манеза ұлды болды

Майя Манеза

Ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Майя Манеза Алматыдағы ауруханалардың бірінде дүниеге ұл әкелді, деп хабарлады спортшының жолдасы Вячеслав Ершовтың сөзінен келтірген Vesti.kz.

Майя 20 тамыз күні босанды. Баланың бойының ұзындығы — 50 см, салмағы — 3 килограмм. Ерлі-зайыптылар бірінші балаларының атын Арсений деп қойды.

«Бәрі сәтті өтті, Майя мен бала өздерін жақсы сезінеді, біз бақыттымыз!» — деді Ершов.

Майя Манеза Қазақстан намысын 2007 жылдан бері қорғап келеді. 2009 және 2010 жылдары ол 53 келіге дейін салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды, сонымен бірге, 2010 жылы Азия ойындарында жеңімпаз болды. 2011 жылы Парижде ол әлемдік біріншіліктің күміс жүлдегері атанса, 2012 жылы Лондонда олимпиада чемпионы атанды.

Осы жылдың сәуір айында ол 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, ауыр атлет Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шыққан болатын.

Еске сала кетсек, бір-екі ай бұрын тағы бір олимпиадалық жеңімпаз, жеңіл атлетші Ольга Рыпакова да ұлды болған еді. Ал шілде айында қазақстандық ауыр атлетші қыздардың бірі Светлана Подобедова құрама бойынша өзінің әріптесі, 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовпен отбасы құрды.

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
317
0