место в рейтинге
  • 716722
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстанның жаңа тұлғалары: Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Максим Лактионовпен сұхбат

Қарағандылық Максим Лактионов ауыр атлетикада келешегі зор спортшылардың бірі
Қарағандылық Максим Лактионов ауыр атлетикада келешегі зор спортшылардың бірі.Шілде айында Бішкекте өткен Азия чемпионатында ол үш медальді жеңіп алып, Азияның ең мықты зілтеміршісі атағын иеленді.  

М.Лактионов Теміртауда туып-өсті, гимназияны бітірді. Биыл ол 18 жасқа толды. Спортшыны өзінің әкесі Геннадий Лактионов жаттықтырады.

ҚазАқпарат тілшісінің М.Лактионовпен сұхбатында оның патриоттығы және жетістіктері туралы баяндалады.

- Азия чемпионатындағы өзіңнің жеңісіңді Қазақстан елордасы Астананың 15 жылдығына арнағаныңды атап өттің. Сен үшін патриоттық сөзінің мағынасы қандай?

- Бірінші кезекте, спортшы үшін патриоттық — өзіңнің Отаныңның, еліңнің намысын қорғап отырғаныңды білгеніңде. Құраманың сапында бола тұра, өз еліңді сүюің керек деп санаймын. Жеңіс тұғырына шыққанда сен Қазақстаннан екеніңді мақтан тұтасың. Жеңіске жетіп, сенің құрметіңе өз еліңнің әнұраны шырқалғанда, кейбірі көз жасына ерік береді. Сеніммен айта аламын — мен патриотпын. Нақты Қазақстанда, Қарағанды облысында туғанымды мақтан тұтамын. Еліміз Астананың 15 жылдығын атап өтіп жатқан күні жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Спортшы өз еліне жасай алатын ең жақсы сыйлықтардың бірі — халықаралық жарыста жеңіске жету деп білемін.

- Қазір сен ауыр атлетикада болашағынан үміт күттіретін спортшылардың бірісің. Сырт жақтан қандай да бір ұсыныстар да болған шығар?

- Әзірге ондай ұсыныстар болған жоқ. Егер болып жатса-дағы мен Қарағанды облысына, Қазақстанға берікпін.

- Спортты таңдағаның үшін, балалық шағың жаттығулармен өткеніне өкінген жоқсың ба?

- Әртүрлі кезеңдер болды. 13 жасымда жаттығуды мүлдем қаламадым. Спорт шебері атағын алғаннан кейін қызығушылығым оянды. Екі жыл бұрын спортсыз, ұдайы болып тұратын жаттығуларсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім. Меніңше, спортпен айналысатын жастар өмірде әлдеқайда үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.

- Спорттан бөлек өзіңді қандай салада көресің?

- Әрине, мен де тұлға ретінде дамып, өзіме қызықтыны игергім келеді. Мысал үшін, жиындар барысында кітаптарды оқып та үлгеремін. Бір бағытта ғана даму — бұл дұрыс емес. Адам көп нәрсеге қауқарлы, тек ерінеді. Мысал үшін мен қытай тілін меңгеруді қалаймын. Онымен қоса ағылшын тілінен білімімді жетілдіргім келеді. ЖОО-да оқу үшін «дене шынықтыру және туризм» мамандығын таңдадым. Бірақ шашыраңқылықтың да қажеті жоқ. Егер назарды қандай да бір басты іске аударсаң, егер мақсатың болса — оған тура жол іздеп, барыңды салуың қажет.

- Қазір сен үшін басты мақсат не?

- Бұл — Рио-де-Жанейродағы олимпиада. Қалғанның барлығы — әлем чемпионаты, Азия ойындары өтпелі сөрелер. Ең бастысы Риоға дайындық. Оған алдағы төрт жыл бойы дайындалатын боламын. Қалай өнер көрсететінімді, жеңістер болатынын не болмайтынын әзірге айта алмаймын.

- Ол үшін қанша тер төгу керек?

- Оны сізге нақты айта алмаймын. Бірақ меніңше, егер сен жаттығу залына бірінші болып келіп, ең соңғы кетіп отырсаң нәтижеге қол жеткізесің.

- Сенің пікіріңше, ауыр атлетиканың дамуына неғұрлым жоғары назарды аударту мүмкін болды ма? Себебі Қарағандыға ауыр атлетшілерге мамандандырылған арнайы залды құру мәселесін шешуді алға жылжыту үшін Олимпиада чемпионы Ильин арнайы шақырылған болатын.

- Қазір ауыр атлетикада жақсы жас спортшылар көп, бірақ оларға назар жеткіліксіз. Егер қаржыландыруды арттырса, Қазақстан бұған дейін көрмеген жетістіктерге жетер еді. Залға қатысты айтатын болсам, шыны керек, мәселе қалай шешіліп жатқанын білмеймін. Өзім Теміртауда жаттығамын, база көңілімнен шығады. Маған үйде ұнайды.

- Спортшыларға жеңістері үшін әдетте темір тұлпар мінгізеді. Сенің көлігің бар ма?

- Әзірге жоқ, маған 18 жаңа толды ғой. Маған ұнайтын көліктің маркасы бар — Audi-4 немесе Audi-6. Ақша пайда болғаннан кейін және жүргізуші куәлігін алуға уақыт болғанда оған кірісемін деп ойлаймын. Әзірге ондай мақсатым жоқ. Жалпы, ақша өмірдің мәні емес. Ақшамен біз сұраныстарымызды қанағаттандырамыз, бұл мақсаттарға жету құралы. Қаражатты өзіңді дамытуға салу қажет.

«Спортшы М.Лактионовтың жетістігінің басты факторы не?» деген сұраққа оның тәлімгері, бапкері және әкесі Г.Лактионов жауап берді.

«Жетістік көп жылдарғы жаттығуларда. Бұл үнемі еңбек ету. Егер құрбы-құрдастар серуендеп, демала алса, спортты таңдағандар аула дегенді білмейді. Олар мектеп және спортзал дегенді ғана біледі. Және әрине, талант болу қажет. Дарындылық, еңбек және сауатты жаттықтырушы үйлесімділік тапқанда — нәтиже болады.

Бапкердің сөзіне қарағанда, жарыстарға дайындық кезінде зілтеміршінің жүктемесі күніне 30 тоннаға дейін құрайды. «Жалпы алғанда күнделікті жарты вагон жүк түсіреміз», — деп салыстырып өтті ол.

- Тәрбиеленушіңіз — ұлыңыз болғанда қандай да бір психологиялық жүктеме бар ма?

- Жалпы алғанда, психологиялық қиындықтар жоқ. Бір ғана, ұлың ретінде әкеге анағұрлым көп нәрсені және батыл түрде айтуға болады. Егер өзге тәрбиеленуші бапкерге қандай да бір мәселелерді айта алмаса, ұлыңыз үйде әкесіне барлық өкпе-реніштерін білдіріп алады. Бірақ, Максимге де көп таяқ тиеді. Жаттығу барысында сынға алып, оны үйде де жалғастыра аламын.

 

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
20 августа 2013, 10:47
182

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 9590
  • 89
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9141
  • 31
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4732
  • 32
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 4367
  • 12
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 4468
  • 38
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3236
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3305
  • 0
Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

После череды неудачных романов, статусов "все сложно", ножей в спину, идея "выйти замуж по расчету" посещает все чаще. И мне не стыдно про это говорить.
energo_ulzhan
22 мая 2017 / 17:39
  • 2689
  • 55