Қарағанды облысында спорттың 75 түрі таратылады

Kazsport agent 2013 M08 19
166
0
0
0

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында Қазақстанда тіркелген спорттың 110 түрінің 75-і таратылады. «Дәстүр бойынша тамыздың үшінші жексенбісінде біз үлкен спорт мерекесі — Спорт күнін атап...

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында Қазақстанда тіркелген спорттың 110 түрінің 75-і таратылады.

«Дәстүр бойынша тамыздың үшінші жексенбісінде біз үлкен спорт мерекесі — Спорт күнін атап өтеміз. Биыл ол мерейтойлы — оныншы», — деп атап өтті өңір басшысы Бауыржан Әбдішев Спорт күніне арналған шара барысында сөйлеген сөзінде.

«Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 2 мыңнан астам спорттық нысан бар, оның 1 мыңы — ауылда. Бізде 28 мың тәрбиеленушіні қамтып отырған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерін қоса алғанда, 50-ге жуық спорттық ұйым бар. Қазақстан Республикасында тіркелген спортың 110 түрінің 75-і таратылады», — деді Б.Әбдішев.

Онымен бірге, облыста 82 аулалық және 81 дене шынықтыру-сауықтыру клубтары бар. «Білім беру мекемелерінде 60 мың оқушыны қамтып отырған 2 мыңнан астам спорттық секциялар мен жалпы дене шынықтыру даярлығы топтары құрылған», — деп қосып өтті аймақ басшысы.

Б.Әбдішев сондай-ақ спортшыларды қол жеткізген жетістіктерімен құттықтады.

«Биылғы маусым спорттың көптеген түрлерінде жемісті болды. Шағын футболда — «Тұлпар», хоккейде — «Сарыарқа», футболда «Шахтер» командалары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді», — деді ол

 

Оцените пост

0