Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
02:00, 23 августа 2013

«Wikimania 2013» дуниежүзілік Wikipedia ғылыми конференциясы ( Қытай , Гонконг)

Wikimania

Hong Kong 2013

7-11 August

Conference.( Конференция )Blog post image

1- күн.

Біз ұшақтамыз.Қытайдың қиыр нүктесі болып табылатын Гонконг қаласына қонуға санаулы секундтар қалды. Әрқайсысымыздың бойымызда ерекше бір толқыныс сезімі орын алды. Көп ұзамай Гонконг әуежайына келіп қондық. Жүктерімізді жинаған соң , қаладағы белгілі «Holiday Inn» қонақ үйіне келіп орналастық. Сағат тілі сыртылдап кете барады. Ал біз шыны керек конференцияға кешігіп бардық . Конференция «Гонконг Полетехникалық университетінде» болды. Әрбір елден жиналған шетелдік Wikipedia жанкүйерлерін көргенде өте қатты Blog post imageBlog post imageтаңғалдық . Біраз жүрек жалғап алғаннан кейін , организаторларға барып регистрация жасадық . Қытай организаторлары бізге арнайы конференция сөмкесін ұсынды. Оның ішінде арнаулы футболка , беджик және сессиялар жоспары жазылған кітапша бар. Сөйтіп барлығымыз келісіп , алғашқы сессияға қадам бастық. Сессияны жүргізген Wikipedia speakerі Crisco . Дәрісте көтерілген басты мәселе: «Неге қазір Wikipediaда қарқын алып келе жатқан мақалалар қазіргі әнші , әртіс немесе футболшы туралы , неге бүгінгі өмірге жол салған ата – бабамыз , мыс. Шығыстың (Қытай , Индонезия, Жапония т.б. ) ескі ғұламалары туралы мақалалар аз , тіпті жоқ ?! Crisco Шығысқа саяхат жасап , ол жақтың ғұламалары туралы зерттеп жүріп , Wikipediaға біраз мәліметтер жүктеген. Шынымен де ата- бабаларымыз туралы неге жазбасқа, неге ежелгі ілім- ғылымның негізін салған , қазірде ұмтылған адамдар туралы мақалалар жазбасқа . Шынымен де бұл аса ойланатын мәселе . Сондықтан Crisco секілді адамдар қазіргі күнде жетіспейді . Осы секілді бірнеше мәселелер қозғадық . Blog post imageСұрақтар қойып , оған мардымды жауап ала білдік. Екі сағатқа созылған сессия аяқталған соң , бірнеше сессияларға қатысып , сағат 6:00-де қонақ үйге оралдық . Кешкісін ас ішіп , демалдық . Метроға мініп , қонақ үйге жақын дүкендерді араладық. Неге десеңіз бізге біраз демалу керек болды, себебі ертеңгі күнге энергия жинау керек . Мен үшін бүгінгі күн ерекше мәнерде өтті. Бүгін біз бірнеше шетелдіктермен таныстық .Олармен сөйлесіп , Қазақстан туралы біраз айттық . Суретке түсіп , оларға Қазақстан туының бейнесі бар бірнеше сыйлық сыйладық. Бүгінгі күн осылай керемет деңгейде өтті.

09.08.2013 ж.

2- күн.

Сонымен Гонконгтағы 2 – күн. Әдеттегідей Жұлдыз апай мен Төлеген ағайдың айтуы бойынша ертерек тұрып , қонақ үйдің 2 – қабатындағы кафеден таңғы ас ішіп , конференцияға аттандық. Бәріміз бас қосып , жоспар кестесінен таңдаулы бір сессияны таңдадық. Ол «One country , two systems» деп аталды. Яғни , Гонконг пен Қытайдағы интернет жайында. Сессияны жүргізген speaker Mr. Charles Mok . Сессия өте қызықты және барлық қатысушылардың көңілінен шықты деп ойлаймын. Себебі Charles – сабырлы, өз ойындағыны көрерменге еркін , әзіл түрінде болсын жеткізе алатын жан. Жалпы , Mr. Charlesдың айтуы бойынша , дүние жүзінде 2,7 миллиард адам интернет пайдаланатын болса , соның 571 млн. Қытайда екен. Бұл нені білдіреді? Яғни Қытайда интернеттің алатын орны ерекше. Осы кезде ойымызға мынандай сұрақ туады? Неге Гонконгтағы интернет мәселесі өзге системада орын алған . Мысалғы , Гонконгта қарапайым Google бар , есесіне ол Қытайда жоқ. Және Қытайда Wikipediaға кез – келген адам мақала жазып , өңдей алмайды, ал аталмыш Гонконгта бәрі өз еркіңде. Неге бір ел , 2 система ?! Одан да неге 1 әлем , 1 ел , 1 система болмасқа,-дейді Mr Charles Mok.

Айта кету керек , сессия барысында біздің елді атап өтіп , қол шапалақтады.Біз орнымыздан тұрып , халықтың марапатына ие болдық. Blog post imageСебебі біз Конференцияға қатысушылардың арасындағы ең кішкентайымыз екен. Бұдан кейін де бірнеше сессияларға қатыстық. Сессиялар аяғына таяған соң бір қызық жағдай орын алды.Конференция барысында репортаж жасап жүрген ағылшын азаматтарының көзіне біз де іліндік. Конференцияда көпшілікке ең жас Уикипедияшылар ретінде танымал болған біз , бұл жолы Қазқстанды басқа қырынан танытуды жөн көрдік.Кейбір балалар сұхбат беріп , ал мен Жалмұратов Азамат жаныма серік еткен киелі аспап Қазақтың қара домбырасымен Құрманғазының «Адай» күйін ағылшындарға орындап бердім. Осынау домбыраның құдіретті даусы кімде-кімнің жүрегін тебірентпей қоймас. Бәріміз бірге «Қазақстан» деп айғайлап , қолымыздағы жалаушаларды желбіреткенде кеудеме ерекше патриоттық сезімі ұялады.Blog post image

Содан кейін атақты , Wikipediaның негізін салушы – Mr. Jimmy Wales-пен кездесу бұйырды. Бірнеше сұрақтар қойдық. Ол Wikipediaның болашағы туралы , қазақ Уикипедиясы туралы біраз нәрселер айтты. ««Wikimania» конференциясын Қазақстанда өткізуге бола ма?» деген сұраққа:

-Ол қиын нәрсе , ол 3-4 жыл бұрын мәлім болады ,- деді ол. Ең соңында Қазақстанға соңғы екі жылда келетінін айтты.

Міне , сөйтіп Wikipedia-ның негізін салушы Jimmy Wales – пен де кездесу бақыты бұйырды. Ол әркімнің басына келе бермейтін ерекше бақыт. Сондықтан біз өзімізді ерекше бақытты оқушылар деп білеміз.

Конференцияны да аяқтап , қонақ үйге қайттық. Ұшаққа дейін біраз уақыт бар екен , кешке кемемен сағат 8:34-тен бастап 9:32-ге дейін теңіз бетінде түнгі Ганконгты тамшаладық . Заңғар биік ғимараттар , толқыны асау көк теңіз , қаланың ортасында түрлі бағыттағы сан мыңдаған халық...Осының бәрі бейне бір құдды ертегі сынайлы.

Осыдан кейін қалған 1 сағатты «Lady market» аралап (shopping) өткіздік. Мұндағы ойымыз туған елге ерекше сыйлықпен қайту.Сөйтіп әне-міне дегенше 3 сағат та өте шықты.Қайтадан қонақ үйге оралып , ұшаққа дайындалдық. Сөйтіп уақытында әуежайға барып , туған елге аттандық.Көріскенше Гонконг...

10.08.2013ж.

1
1465
0