2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге өтініш берген қалалар қатарына Алматы да қосылды

Kazsport agent 2013 M08 16
172
0
0
0

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыда 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу жөнінде ұсыныс енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Алматы қаласының ресми сайтынан. Бүгін қала әкімі Ахметжан...

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің басшысы Ерлан Қожағапанов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыда 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу жөнінде ұсыныс енгізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Алматы қаласының ресми сайтынан.

Бүгін қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалық етуімен және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің басшысы Ерлан Қожағапановтың қатысуымен Алматыда 2022 жылғы қысқы XXIV Олимпиада ойындарын өткізу жөнінде ұсыныс енгізу мәселесі талқыланған алғашқы жиын өтті.

Ерлан Қожағапанов Олимпиада ойындарын қай қалада өткізуді Халықаралық Олимпиада комитетінің Сессиясы анықтайтынын айтты. Олимпиада ойындары өтетін қала бірнеше кезеңнен өтуі тиіс. Бұл алдымен өтінішті 2013 жылдың 14 қазанына дейін беру. Олимпиада өткізуді анықтайтын Бағалау комиссиясы 2014 жылдың шілде айына дейін өзіне тиесілі жұмыстарды жүргізеді. Осы кезеңдерден өткеннен соң ғана 2015 жылдың тамыз айында ХОК-нің Сессиясы бір қаланы таңдау процедурасын жүргізеді.

Алматы әкімі Олимпиада ойындары өтетін қаланы таңдау барысында сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескерілетінін айтты.

«Біздің еліміз жедел қарқынмен дамуда. Қазақстан экономика мен саясатта тұрақтылық танытуда. Бұл — біздің басты көрсеткішіміз. Еліміз әлемдік деңгейде аса ірі шараларды өткерді. Олар — ЕҚЫҰ Саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің Съезі және басқалары. Алматыда 7-ші қысқы Азиада ойындары ойдағыдай өтті. Қалада халықаралық дәрежедегі жарыстар — трамплиннен секірудің Әлемдік Кубогінің кезеңдері, бендиден Әлем Чемпионаты өтті. Қазіргі кезде Универсиаданың жаңа нысандары салынуда. Осылайша, Алматыда қажетті нысандардың барлығы болады»,-деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы өтініш беру кампаниясының дайындығы туралы да айтты. Әкім осы іске қатысы бар барлық басқармаларға тыңғылықты дайындалуды тапсырды. Жиын соңында Ахметжан Есімов ХОК 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге өтініш берген қалалар қатарына Алматыны енгізу туралы жазылған хатқа қол қойды.

 

Оцените пост

0