Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
00:35, 16 августа 2013

Сағыныш...

Тағы түсіме кірдің.. Өмірде тылсым күштің барына, аруақтардың қолдайтынына сенем. Өйткені сен барсың ол жақта. Жоғарыдан бақылап, қарап, желеб-жебеп жүргеніңе де сенем. Сен кеткелі 5 жылдан артық уақыт өтті. Бәрі кеше ғана болған сияқты. Өзіңмен өткізген бақытты балалық шағымды жиі аңсайтын болдым. Көкіректе түйір болып қатқан бір өксік, өкініш әлі де бар. 5 жылдың ішінде біраз бой түзеп ер жеттім, қазір көрсең қызыңа риза болар едің. Кейде қиналған шағымда, ешкімнен қамқор таппағанда өзіңді қатттттыы сағынып кетем,әже! Әке-шешем бір төбе, бірақ сенің орның бөлек еді, әлі де солай. Түйсігімнен жібек жіптерін өрген апаекем. Орның толмай жүр, енді қайттім. Қуанышымды, жетістіктерімді өзіңмен бөліскім келеді. Қол жетімді заманда бір жүзіңді көру арманға айналды. Аллаға шүкір, жағдайым жаман емес. Тек, сен ғана жетіспейсің, әже! Өзіңді қатты, қатты сағындым, білесің бе?! Ауылға барғанда міндетті түрде бейітіңе барып, қалыңды білем. Тек күт мені, әже! Менің асыл әжем...Blog post image

1
1234
0