место в рейтинге
  • 68306
  • 110
  • 10
Нравится блог?
Подписывайтесь!

2013-08-09 12:17:03 Бауыржан Ибрагимов, САХНА КІМ КӨРІНГЕННІҢ МЕКЕНІНЕ АЙНАЛҒАНДЫҚТАН «БАУЫРЖАН-ШОУ» ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ


Сахна төрінен «Бауыржан-шоумен» қоса Бауыржан Ибрагимовтің де көрінбей кеткеніне біраз болған. Сөйтсек ағамыз  Алматыдан арқа жаққа қарай келгіштеп жүр екен. Ибрагимовтің бастамасымен «Қазақстан эстрада артистерінің одағы» құрылғалы жатыр дегенді құлағымыз шалып,  байырғы сатира артисіне бірнеше сауал қойған едік.

– Бүгінде не көп, өнерге де басқаға да тиесілі одақ көп. Сіздердің де бір одақ құруларыңыз қандай қажеттіліктен туындады?
– Бұл одақты құруды  4-5 жыл бұрын жоспарлағанмын. 2009 жылы Алматыда бүкіл театрларды жинап, Өзбекстан, Қырғызстаннан қонақтар шақырып, әзіл-сықақ ассоциациясын құрған болатынмын. Сол кезде меморандумға қол қойылған еді. Сахнадан кеткеннен кейін бұл іс аяқсыз қалды. Енді қайтадан одақ деңгейінде қолға алып отырмыз.
– Одақ нақты қандай жұмыстармен айналысады?
– Одақтың мақсаты – әзіл-сықақ жанрының деңгейін көтеріп, ең алдымен қазақ эстрадасының дербес театрын құрып, оның мемлекеттік мәртебе алуына қолғабыс жасау. Клоунада, пантамима, пародия және қуыршақ театрын жаңа сатыға көтерсек деген ниеттен туындап отыр. Одақ мүшелерімен жұмыла іске кірісіп, қайткенде де халыққа биік деңгейдегі сапалы туындыларды дүниеге әкелу керек. Одақтың арнайы алқасы ең жақсы қойылымды сомдаған актерге, режиссерлерге Оспанхан Әубәкіров, Серік Кенжеахметов атындағы жүлделер беріп, марапаттарға  ұсынатын болады. Сондай жағдайда таланты бар, тамыр-танысы жоқтардың, ерен еңбектері ескеріледі. Қала әкімшілігімен бірігіп, қала күні қарсаңында юмордың деңгейі биікке көтерілген Орта Азия, Ресейден өнерпаздар шақырылып, «Юрмала» секілді фестиваль ұйымдастыру жоспарда бар. Ескінің көзін көрген, өнерді бағалай білетін еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, әзіл-сықақ театр ұжымдары бір ауыздан қолдап отыр. 
– Қазір сізді көп көрмейміз. Қандай іспен айналысып жүрсіз?
– Дарынды өнерпаздарды дайындау қажеттігі туындаған соң, Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінде бұрын-соңды болмаған актер, эстрада, миниатюра  мамандығын аштым. Былтыр 15 жас өренді қабылдап, енді оларды актерлікке  шыңдап жатқан жайым бар.
– «Бауыржан-шоу»  неге жұмысын тоқтатты?
– «Бауыржан-шоу» жетер шыңына жетті. Сахнада қойылатын әзіл-қалжыңның көпшілігі жеңіл-желпі болып, дарынсыздар көбейген тұста өнерден қол үзуге тура келді. Көпшілігінің арнайы білімі жоқ, актерлік мамандықты игермегендер қаптап кеткендіктен сатира жанрын алға сүйреудің орнына артқа сүйреді.  КВН-нің бірлі-екілі жерінде көзге көрініп қалғандар сахнаны билеп алды. Сахнаның киесін ұмытқан кез болды. Бұл актерлікке немқұрайлы қарағанымыздың көрінісі. Актер  есту, көру, қорқу, бағалау деген элементтерді ескерген жөн. Мыңның бірі тума талант болып жатпаса нақты білімсіз ешкім әртіс бола алмайды. Образы жоқ анекдоттарды айтудан, бір-бірімізді кекетіп-мұқатудан өнер шықпайды.
– Өзіңіз айтқан сындарға ұшырап жүргендердің қатарына «Бауыржан-шоу» кірмей ме?
– «Бауыржан-шоу» маманданған туындылар ұсынып, еңбегін сіңірді. Жоғарыда айтқанымдай, сахнаның өзі кім көрінген кіріп-шығатын мекенге айналған соң, театр жұмысын тоқтатты. Биікті бағындырған деңгейінде қалды. Шетелге еліктейміз деп ұлттық нақышымызды жоғалтып, «Камеди клаб» секілді анайы дүниелер қаптап кеткендіктен, барлығын жүгендеп отыру үшін басымызды қосып, ойласуды дұрыс көріп отырмын.
Сұхбаттасқан – Салтанат СҮГІР
 

 



16 августа 2013, 12:25
9482

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Бұл сұхбат алғашында www.halyksozi.kz сайтына, газетіне жарияланған болатын. бһБір апта өткен соң, блогыма жинақтап қойсам, осы сайттың негізінде www.kazinform.kz сайты басып шығарыпты.
"Жұмадағы жүздесу" газетіне көшіріп жазуға рұқсат беріп пе едіңіз? 15 тамыздағы санында жариялапты
Мен ешкімге де рұқсатымды бермеген едім. Бәрі басып алып, көшіріп жатыр ғой
Осы сайттың атынан ба?
жоқ, дереккөз жазылмаған. Тек әйтеуір сұхбаттасқан Салтанат Сүгір деп жазыпты )))))))
Комментарий удалён автором поста.
Бауыржанның айтқандары бір жағынан дұрыс: қазіргі күлдіргі жанр артистері тек айқай мен акцентке сүйенеді, жауыр болған жанрлардан айналып шықпайды, оның өзін кіндіктен төмендетіп жіберген. Екінші жағынан қазақ сахнасына осы үрдісті бірінші болып әкелген Бәкеңнің өзі екенін де ұмытпағанымыз жөн,

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8226
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2822
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 2999
  • 37
Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

После тех громких и пугающих событий, которые произошли год назад, всем в Казахстане стало понятно, что от работы спецслужб зависит в нашей жизни действительно многое.
openqazaqstan
14 июля 2017 / 9:55
  • 2389
  • 25
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2363
  • 30
Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Шум, гам, есть люди воспитанные, есть невоспитанные, есть просто дикие люди. Есть и странные люди. В очередях хаос, все друг друга хотят перепрыгнуть, все суют свои бумажки под нос справочному бюро.
decorus
14 июля 2017 / 16:04
  • 2094
  • 15
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
вчера / 11:06
  • 1830
  • 17
Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Я пытаюсь произнести на грузинском "Дайте, пожалуйста одну лепешку" и протягиваю деньги в окошечко, а дедуля пекарь-продавец на чистом русском говорит: «Да бери-бери, деньги не надо!».
Zario
14 июля 2017 / 22:38
  • 1944
  • 29