Тікелей эфир

Қазақ сериалдарының несіне қызығамыз?

Соңғы бес жылдың ішінде отандық қазақтілді сериалдар теленарықта өтімді тауар қатарына қосылып бара жатқандай. Көруге тұрарлық та, сапасы нашарлары да бар. Алайда, сұраныс арқасында пайда болып жатқан шытырман телехикаялар кәріс пен түрік сериалдарына бәсекелес бола ала ма?

«Айналайын»


Шыққан жылы: 2011

Жанры: комедия, отбасылық кино

Продюсер: Ақан Сатаев

Сценарист: Берік Сабыржанов

Режиссерлері: Болат Қалымбетов, Серікбол Өтепбергенов, Қанағат Мұстафин, Қымбат Тілеуова

Рөлдерде: Ғазиза Әбдінәбиева, Қадырбек Демесин, Ержан Жарылқасынұлы, Бекжан Тұрыс, Гүлжамал Қазақбаева, Данагүл Темірсұлтанова, Азат Сейтметов, Бауыржан Каптагаев, Роза Рымбаева, Жанат (Жан) Байжанбаев, Жанна (Жаннат) Қуанышева, Майя Веронская, Камилла Ермекова

Ұлттық арна эфиріндегі «Айналайын» сериалын отбасылық киноға жатқызуға болады. Сериал ауылдық адамдардың қала өміріне үйренудегі және қалалықтардың ауылдан келген туыстарын түсінудегі қиыншылықтарын сипаттайды. Ауыл мен қаланың айырмашылығын көрсететін сериал болса да, «Айналайын» әлеуметтік теңсіздік пен қарсыластықты емес, керісінше, спецификалық ерекшеліктерді позитивті тұрғыдан баяндайды. Сериал бір отбасы өміріндегі оқиғаларға негізделген.

«Базарбаевтар»


Шыққан жылы: 2012

Жанры: оқиғалық комедия (ситком)

Бас продюсері: Нұрлан Қоянбаев

Cценарий: Нұрлан Қоянбаев, Нұрдәулет Шертім, Жәмит Көшербаев

Қоюшы режиссер: Стас Булов

Рөлдерде: Бекжан Тұрыс, Райхан Калиолдина, Нұрдәулет Шертім, Аида Жантілеуова, Дастан Қалдыбаев, Нұрлан Қоянбаев, Нұржан Тутов, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Бақыт Әліпбаева.

Ситкомның оқиғасы Алматыдағы қарапайым үшбөлмелі пәтерде өтеді: Саламат пен Айғаным және балалары – Шерәлі, Арсен, сондай-ақ, бірінші курс студенті Гүлнәр. Отағасы Алматы метросының құрылысына белсенді атсалысып жатқан маман, бригадир, Айғаным белгілі тележүргізуші, сондай-ақ,  туған-туыс, құда-құдағилармен ішкі-сыртқы саясат сияқты барлық мәселені қадағалап отыратын ханым. Үлкен ұлы Шерәлінің жасы 25-те. Ол болашағынан үміт күттіретін футболшы. Ортаншы ұлы – Ералы Кембридждің студенті, кіші ұлы Арсенді  көршілер мен мұғалімдердің бәрі жақсы көреді, ал Гүлнәр әкесінің сүйікті қызы.

«Тағдыр»


Телехикая трейлері


"Тағдыр" телехикаясы жайында

Шыққан жылы: 2013

Жанры: драма

Бас продюсері: Ақан Сатаев

Режиссері: Айдан Сахаман

Сценарий: Берік Сабыржанов

Рөлдерде: Алдабек Шалбаев, Дулыға Ақмолда, Раушан Байзақова, Асхат Тишибаев, Жанел Мақажанова, Еркебұлан Дайыров, Зарина Карменова.

Теленовелла желісі 1992 жылы ауылдың ең құрметті адамы Қалиханның әйелі босану үстінде қайтыс болуынан басталады. Нәрестенің атын Жұлдыз қойып, оның тәрбиесін баланы дүниеге әкелген дәрігердің жесірі Шарипа қолға алады. Шарипа қызы Айданамен бірге Қалиханның үйіне көшіп келеді. Жиырма жылдан соң Айдана мен Жұлдыз оқуға түсіп, әрқайсысының ересек өмірі басталып кетеді. Бірінің махаббат хикаясы бақытты отбасы құрумен аяқталса, екіншісі үшін тойға дайындық үлкен трагедияға айналады. Жиырма сериядан кейін көрермендер барлық жұмбақтардың жауабын табады: Айдананың әкесі өліміне кім кінәлі? Қыздардың қайсысы өз шынайы махаббатын табады?

«Ағайынды»

Шыққан жылы: 2009

Жанры: драма

Продюсері: Берік Сабыржанов

Режиссері: Ақан Сатаев

Сценарий: Тимур Жақсылықов

Рөлдерде: Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов, Ануар Нұрпейісов, Майра Омар, Айдос Бектеміров, Жан Байжанбаев, Алмагүл Рулас, Мұрат Бисенбин, Саят Исембаев.

«Ағайынды» сериалын заманауи алғашқы қазақ сериалы деуге болады. Алғашында «Хабар», «Қазақстан» кейін «Астана» арналарынан берілді. Бірінші сериясынан-ақ ол көрермендерін баурап алды. Атынан көрініп тұрғандай сериал қарапайым қазақ отбасындағы ағайындылар жайлы. Үш ағайынды — үш түрлі тағдыр. Керемет актерлік құрамы, қонымды диалогтары мен қызықты сюжеті сериалды расында тек алғашқы емес, ең үздік қазақ сериалына жатқызады. Ал Бекболат Тілеухановтың орындауындағы саундтрек «Ағайынды»-ларды тіпті халықтың сүйікті сериалына айналдырды.

«Достар»

Шыққан жылы: 2013

Жанры: оқиғалық комедия (ситком)

Актерлер: Санам Реваева, Дастен Шакиров, Іңкәр Әбдраш, Шерәлі, Сәбит Мұстафа, Жұлдыз Маханова, Жұлдызай Болатова, Арман Сандыбай.

«Достар» сериалы отандық телехикаялар өміріне жаңа леп алып келді. Батыстық түсіру стилі, қызықты сюжеттер мен тартымды актерлер. Бір көргеннен сериалға қызығушылық артады. Мәнісінде сериалда еліміздің беделді, алдыңғы қатарлы оқу ордасының студенттерінің күнделікті өмірі, болашаққа жасаған жоспары мен қарапайым ғана адами қарым-қатынасы туралы көрсетіледі. Оны көріп отырып, шын мәнісінде кейіпкерлерге болысып кетесің. Ал ол дегеніміз көптеген отандық телехикаяларда жоқ нәрсе.

 

«Үй болу қиын»


Шыққан жылы: 2012

Жанры: оқиғалық комедия (ситком)

Рөлдерде: Зарина Карменова, Данияр Толбасы, Гүлбаушан Тілеубекова, Гүлжан Қалыбаева, Сафуан Шаймерденов, Ерболат Оспанқұлов, Мұхамеджан Мұрзакеев, Күнсұлу Шаяхметова, Бауыржан Қаптағай, Мұрат Нұрасилов.

Ауылдық жігіт пен қалалық қыздың отау құрып, бір шаңырақ астындағы қызықты өмірлері көрсетіледі. Бұл сериалда басты рөлдегі Жанельдің рөлін сомдаған Зарина Карменова керемет ойнап шыққан. Қарапайым өмірдегі кикілжіңдер, реніштер, қуаныштардың сан алуандығы расымен де үй болу қиын тақырыбын жақсы ашқан.

Ал сіздің сүйікті телехикаяңыз қандай?

Материалды дайындаған: Айжан Байтанова,

Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
16 тамыз 2013, 14:19
7261

Loading...

Пікірлер

Базарбаевтар жақсы комедия! Қалғандарды білмейм көрмедім)))
Осы телехикаялар DVD дисктерде сатыла ма екен? "Достар" өте қызықты екен, бірақ теледидардан көруге ыңғайсыз.
Казахстанские сериалы...сериалы в Казахстане....калька с российских, ну это просто здец конечно))
Тақырып қате жазылыпты
Достар телехикаясы жақсы былай) одан соң "Көк тарландары" деген жақсы телехикая болған :)) одан бөлек біраз қазақ сериалдары шықты ғой мысалы "Құтқарушылар", "Парыз" дегендей, жалпы дайындалған материал аздап шикілеу ме қалай?! Неге "Ағайындылар" қарастырылған да соңғы шыққан сериалдар қарастырылмаған деген сұрақ туындайды
"Ағайындыларды" жолдасым жақсы деп қояр-қоймасқа болмағасын қарадым, дисктен. Расында да өте жақсы түсірілген. Актерлар тобы да тамаша. Содан кейін там-тұмдап қазақ сериалдарын қарайтын болдым. Қалғандары онша қатты баурап алған жоқ. Неге "Тракторшының махаббаты" туралы жазбағансыздар? Міне соны да қызыға қараймын. Байқағаным, актерлар тобына көңіл бөледі екенмін. Анонстан Берік Айтжановты көріп қалдым да, ол ойнаған фильм жақсы болуы керек деп шештім. Қателеспеген екенмін.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 20890
  • 59
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
сегодня / 14:29
  • 6324
  • 8
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 5194
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 5218
  • 16
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 4690
  • 39
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 4882
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 3816
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 нау. 2017 / 17:18
  • 3975
  • 49
Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Узбекистан - это страна, где роскошь стала обыденностью. Это и повсеместный зелёный крупнолистовой чай. И вкусная натуральная еда с минимумом специй. И то, что дети играют среди исторических памятников.
MadinaR
25 нау. 2017 / 10:37
  • 3211
  • 59