Конференция күнделігі

nis2013 August 15, 2013
149
0
0
0

Конференцияның 1-нші күні Біз Гонк Конгқа 9 тамыз күні таңғы сағат 8:15 те қондық. Жалдамалы автобуспен Гонк Конгтағы "Holiday Inn" қонақ үйіне келдік, орналастық. Гонк Конгты бірінші рет өз көзіммен...

Конференцияның 1-нші күні

Біз Гонк Конгқа 9 тамыз күні таңғы сағат 8:15 те қондық. Жалдамалы автобуспен Гонк Конгтағы "Holiday Inn" қонақ үйіне келдік, орналастық. Гонк Конгты бірінші рет өз көзіммен көргенде оны қала екен деп айтуға тілім бармады. Бұл жақтағы үйлердің қабаттары шамамен 40-50, ең кіші үйлердің қаббатары 10-15. Өзі кішкентай қала болғанымен өте дамыған.

Сонымен Викимания 2013 конференциясына келдік. Біз конференцияға келгенімізде адамдар түскі астарын ішіп жатты. Барлығымыз ішке кіріп конференцияның жоспар қағазын алдық. Сосын бізге Вмкимания жазуы бар футболка және бейдж берді.

Ары қарай біз де түскі асымызды ішіп алып, сағат 16:00 де сессияға кірдік. Сессияны менеджер Crisco жүргізді. Ол өз сессиясынды мынадай тақырып қозғады: Неге біз википедияда жазылған адамдар туралы жаза береміз, неге біз бұрыңғы, ескерген адамдарды жаңартып, көркейтіп жазбаймыз"-деген мәселе қозғады. Мәселеміз қызықты және жүйелі түрде болды. Осы тақырыптың айналасында Криско манағы аты өшуге жақын ғұламаларды, даналарды жазуға кеңес берді.

Осымен конференцияның 1-нші күні көзді ашып-жұмғанша өтті де кетті.

Конференцияның 2 күні

Таңғы жетіде тәтті ұйқымызды қимай шақ дегенде көзді аштық. Жуынып, шәйініп конференцияға ат басын бұрдық. Сессияға кіргенімізде Википедияға мақаланы қалай жіберу керектігін, қалай еңгізу керектігін туралы қозғады және еңгізген кездеде оның құқығың, ережесін сақтау керектігн айтты. Тағы бір сессияда "Қазақстан делегациясын" ерекше құрметпен айтып, орнымыздан тұрып ерекше ілтипатқа ие болдық.

Сол сессияда Гонк Конгтағы интернеттің қолданылуына тоқтады. Негізінен интернетті дүние жүзі бойынша 2,7 миллиард адам қолданса, соның 571 миллионы қытайлықтар екен. Бұл жақта бір интернет, бірақ екі система. Қытайда Гуглды қолдануға тыйым салған болса, Гонк Конгта гуглды еркін пайдалануға болады. Тағы бір сессияда мынандай құқық негізін айтып кетті. Википедияға мақала жазып және сурет қоюға бел бусақ, онда суретке түскен адамнан міндетті түрде рұқсат сұрау қажет. Біз ол жақта шет елдік қонақтармен танысып, оларға сувенирлер табыстап тіпті олармен суретке түсіп те үлгердік.

Сосын қытайлықтар Қазақстан делегациясы туралы шағын деректі фильм түсірді, фильмде біздің жерлесіміз Алашымыздың адай күйін тартып барлығын тамсандырды және басқа қыз- балалардан сұхбат алды.

Конференция біткен соң біз бірден Джимми Уэлспен кездесуге кеттік. Онымен кездесу сол Гонк Конг қаласындағы бес жұлдызды қонақ үйде болды. Біз онымен сұхбаттасып, еркін сұрақ қойып жауап алал алдық.

Осымен Қазақстанның жалындаған жас жеткіншектері де Гонк Конгтағы викимания 2013 конференциясының бағалы уақыттарын тиімді пайдалана алды.

Конференция біткесін бізде аздаған уақыт қалды. Қазақстан делегациясы болып кемемен екі сағат тур және бір сағат шопинг жасадық. Осыны болғасын қонақ үйге қайтып оралып, шамалы демалып алған соң, заттарымызды жинастырып алып туған елге жол тарттық.

 

 

Оцените пост

0