Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:58, 14 августа 2013

Қазақстандық дзюдошылар Италияда ардагерлер арасында алғаш рет өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді

Қазақстандық дзюдошылар

ӨСКЕМЕН.  ҚазАқпарат — Италияның Турин қаласында тамыздың 2-12 аралығында өткен ардагерлер арасындағы алғашқы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошылар жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Бұл додада қазақстандықтар жарыс қожайындары - итальяндықтардан, Бразилия және Ресей командаларынан басым түсті.

Қазақстан құрамасының қоржынында жекелей сында 3 алтын мен 1 қола медальдар бар.

Шығыс Қазақстан кеден департаментінен хабарлағандай, дзюдодан Қазақстан құрамасының сапында олардың қызметкерлері — Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев пен Болатбек Жаманбаев қатысқан.

Ардагерлер арасындағы WorldVfstersGames ойындары алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыс спорттың 24 түрі бойынша өтті. Оған әлемнің жер-жерінен барлығы 28 мың спортшы қатысты.

0
307
0