2013 жылғы 9 тамызда Алматы қаласында «Жасыл дәліз» жобаның мәселесі бойынша уәкілетті экономикалық операторларымен кеңесі өтті

2013 жылғы 9 тамызда Алматы қаласында «Жасыл дәліз» жобаның мәселесі бойынша ҚР ҚМ КБК Төрағасы М.Т.Есенбаевтың басшылығымен уәкілетті экономикалық операторларымен (УЭО) кеңесі өтті. Кеңесте ҚР ҚМ...

2013 жылғы 9 тамызда Алматы қаласында «Жасыл дәліз» жобаның мәселесі бойынша ҚР ҚМ КБК Төрағасы М.Т.Есенбаевтың басшылығымен уәкілетті экономикалық операторларымен (УЭО) кеңесі өтті.

Кеңесте ҚР ҚМ КБК Төрағасының орынбасары А.Қ. Ержанов, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің өкілдері, Алматы қаласы, Алматы облысы бойынша КБД бастықтары, кеден бекеттерінің бастықтары және УЭО өкілдері қатысты.

Кеңестің барысында ҚР ҚМ КБК басшысымен уәкілетті экономикалық оператор институттың даму бойынша мәселесі белгіленді. «Жасыл дәліз» жобаның шеңберінде уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне талдау» мәселесі бойынша баяндамамен ҚР ҚМ КБК Төрағасының орынбасары А.Қ. Ержанов шығып сөйледі, онда уәкілетті экономикалық операторлар қызметінің 2013 жылғы бірінші жарты жылдығына 2012 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырмалы талдауын және мониторингін толығымен ұсынды.

Сондай-ақ, кеңестің барысында тауарларды контрабандалық әкелу фактілердің көбеюі, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзылушылықтары, жалған тұлғаларына компанияны тіркеу, жалған шетел партнерлармен жалған контрактілерге (келісімшарттарға) қол қою жөнінде мәселелері қозғалды.

Уәкілетті экономикалық операторлардың өкілдері өз кезегінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жүктерді өткізуге және кедендік әкімшіліктендіруге байланысты проблемалық мәселелердің қатарын айтты.

Кеңестің нәтижесі бойынша УЭО институтының одан әрі даму бойынша шешімдер қабылданды.

 

Оцените пост

0