Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:18, 14 августа 2013

«Барыс» — «ҚР Президенті кубогының» иегері

Барыс клубы

АСТАНА. ҚазАқпарат — Хоккейден «ҚР Президенті кубогының» финалында елордалық «Барыс» Ханты-Мансийскінің «Юграсын» 4:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Қонақтар сапынан Булянский, Шефер және Хвостов көзге түссе, алаң иелерінен Уппер, Гаврилин және Старченко екі мәрте қақпашыны сан соқтырды. Сөйтіп «Барыс» «ҚР Президенті кубогының» иегері атанды.
Естеріңізге сала кетейік, үшінші орын үшін болған матчта Хабаровскінің «Амур» командасы Подольскінің «Витязін» қапы қалдырған болатын.

«Барыс» - «Югра» 4:3 (1:1, 1:2, 2:0)

Шайбалар:
0:1 - 10:08 Булянский.
1:1 - 19:16 Уппер (Руденко, Гребенщиков).
1:2 - 28:45 Шефер.
2:2 - 29:45 Старченко (Пушкарёв).
2:3 - 33:04 Хвостов.
3:3 - 41:30 Старченко (Руденко, Блохин).
4:3 - 49:25 Гаврилин.

Қақпашылар: Ахонен - Кузнецов.

 
0
147
0