Ақжайықта «Ақбидай» ауыл спорты ойындары мәреге жетті

Kazsport agent August 12, 2013
235
0
0
0

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында дәстүрлі облыстық «Ақбидай» ауыл спорты ойындары мәреге жетті. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке...


«Ақбидай» ауыл спорты ойындары

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында дәстүрлі облыстық «Ақбидай» ауыл спорты ойындары мәреге жетті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жалпыкомандалық есепте 216 ұпай жинаған Бөрлі ауданы жеңімпаз атанды. Олардан бір ғана ұпайға кейін қалған Жәнібек — екінші, 191 ұпаймен Ақжайық үшінші орынды еншіледі. Шағын футболдан Сырым, Қаратөбе, Зеленов аудандары жүлделі орындарды бөлісті. Волейболдан ерлер арасында Зеленов жеңіс тұғырына көтерілсе, Бөрлі мен Теректі екінші, үшінші жүлдені иеленді. Әйелдерден Шыңғырлау, Жәнібек, Теректі командалары үздік шықты. Қазақ күресінен Сырым, Жәнібек, Бөрлі жігіттері алда болса, тоғызқұмалақтан да сырымдық, бөрлілік және қаратөбеліктер жүлдеге қол жеткізді. Гір спортынан Шыңғырлау, Бөрлі, Ақжайық, қол күресінен Тасқала, Бөрлі, Ақжайық, дойбыдан Бөрлі, Теректі, Ақжайық командалары алдан көрінді. Аламан бәйгеде Жәнібек, Бөрлі, Тасқала, 12 шақырымдық жарыста Ақжайық, Бөкей ордасы, Зеленов шабандоздары көштің алдын бермеді. Теңге ілуден Ақжайық, Сырым, Бөрлі, көкпардан Зеленов, Ақжайық, Жәнібек, аударыспақтан Жәнібек, Бөрлі, Сырым, қыз қуудан Жәнібек, Сырым, Ақжайық спортшылары ептілік танытты.

 

Оцените пост

0