Қазақстан — Грузия: Нұрбол Жұмасқалиев құрамаға қайта оралды

Kazsport agent 2013 M08 12
229
0
0
0

АСТАНА.  ҚазАқпарат — 14 тамызда Астанада өтетін Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы ойынға қатысатын қарсыластарымыздың құрамы белгілі болды. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан...


Нұрбол Жұмасқалиев

АСТАНА.  ҚазАқпарат — 14 тамызда Астанада өтетін Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы ойынға қатысатын қарсыластарымыздың құрамы белгілі болды. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарлады.

Темури Кецбаи Қазақстанға қарсы ойынға мына футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Георгий Лория («Динамо» Тбилиси), Нукри Ревишвили («Дила»), Роин Квасхвадзе («Зестафони»);

Қорғаушылар: Гурам Кашия («Витесс», Голландия), Александр Амисулашвили, Гиа Григалава (екеуі де «Крылья Советов», Ресей), Зураб Хизанишвили («Кайсериспор», Түркия), Давид Квирквелия («Динамо» Тбилиси), Гулверд Томашвили («Дила»);

Жартылай қорғаушылар: Джаба Канкава, Александр Кобахидзе (екеуі де «Днепр», Украина), Лаша Гвалия («Дила»), Давид Таргамадзе, Торнике Окриашвили («Ильичевец», Украина), Элгуджа Григалашвили («Динамо» Тбилиси), Шота Григалашвили («Анортосис», Кипр), Жано Ананидзе («Ростов», Ресей);

Шабуылшылар: Владимир Двалишвили («Легия», Польша), Николоз Гелашвили («Карабах», Әзірбайжан), Леван Мчедлидзе («Эмполи», Италия), Ираклий Сирбиладзе («Интер» Турку, Финляндия).

Ал Мирослав Беранек «Астана-Аренада» өтетін ойынға келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Антон Цирин («Жетісу»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»);

Қорғаушылар: Қайрат Нұрдәулетов («Астана»), Марк Гурман («Қайрат» ), Александр Кислицын («Қайрат»), Виктор Дмитренко («Астана»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Алексей Мулдаров («Ақтөбе»), Константин Энгель («Энерги» Котбус, Германия), Захар Коробов («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс»), Анатолий Богданов («Тобыл»), Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл»), Жамбыл Көкеев («Қайрат»), Олег Недашковский («Қайрат»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин («Атырау»), Сергей Гридин («Ақтөбе»), Игорь Юрин («Ертіс»), Сергей Хижниченко («Шахтер»);

Резерв: Антон Чичулин («Ертіс»), Павел Шабалин («Ертіс»), Самат Отарбаев («Ордабасы»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Ұлан Қонысбаев («Астана»), Марат Шахметов («Астана»), Андрей Финонченко («Шахтер»), Таңат Нөсербаев («Астана»), Виталий Волков («Тобыл»).

 

Оцените пост

0