Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
05:13, 12 августа 2013

Түймекент – ортағасырлық қаласы!

Түймекент – ортағасырлық қаланың орны. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қалада алғаш 1894 жылы В.В. Бартольд болып, бұл қалашық Тараздың орны емес деген пікір айтқан. 1936 – 38 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетек. А.Н. Бернштам) зерттеген. 1986 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография инистутының тарих және мәдениет ескерткіштері қоғамының археологиялық экспедициясы отряды (жетек. К.Байпақов) қайта зерттеу жүргізді. Қалашықтың жобасын қағазға түсіріп, жол салу кезінде бұзылған жерлерін анықтады. 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (жетек. Байпақов) кішігірім қазба жұмыстарын жүргізді. Қалашықтың жобасы тікбұрышты, аумағы 250*310 м төбе. Бұрыштары дүниенің төрт нүктесімен бағыттас салынған. Айналдыра мұнаралы биік дуалмен қоршалған. Төрт қабырғасының әрқайсысының бойында 7 мұнара болған. Сыртқы дуалдың биіктігі 4 – 6 м, мұнараларының биіктігі 4,5 – 7 м. Қалашықтың сыртқы қақпалары солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс қабырғаларының бойында. Цитадельдің қираған орны қалашықтың ортасында. Оның табанының өлшемі 40*15 м, үстіңгі жағы 15*15 м. Цитадельдің оңтүстік аумағынан ұзындығы 40 м жалмен қоршалған ауласы жалғасады. Қалашықтың ішкі жағында көшелер мен оларды жағалай салынған тұрғын үйлердің іздері байқалады. Дуалдың бұзылған жерлері қабырғаның қам кірпіштер мен пахса блоктарынан қаланғандығын көрсетеді. Қабырғаның ені 7 – 8 м, сақталған биіктігі 3 м. Қазба барысында жиналған қыш ыдыстардың сынықтары мен археол. заттар 7 – 12 ғасырларға жатады. Түймекент қалашығында осы өңір билеушілерінің тұрған орданың орны болуы мүмкін деген де пікір бар.

 
1
1599
0