Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
05:08, 12 августа 2013

ҚАРАҚОЖА МЕШІТІ

ҚАРАҚОЖА МЕШІТІ – діни ғимарат. 20 ғ-дың бас кезінде ортағасырлық сәулет өнері үлгісінде салынған. Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық а. Талас өз-нің оң жағалауында. Ғимаратқабырға қалауына күйдірілген көне құрылыстың кірпіштері қолданылғаны байқалады. Себебі ғимараттың негізгі құрылымына еур. қалыптағы кірпіш үлгісі қаланған да, қабырғаның күмбезге ұласар тұсына және күмбездердің өрілуіне көне шығыс қалпындағы кірпіштер пайдаланылған. Сылағына ғаныш ерітіндісі қосылған.Шаршы пішіндес ауданы – 16,5×16,5 м. Ғимарат күмбезді – галерея типті құрылыс тобына жатады. Тоғыз күмбезбен көмкерілген ескерткіштің оңт.-батыс құбыла жағындағы біреуі басқалардан тұрқы биік бас күмбез кенересімен мойындыққа табан тіреген. Мойындықтың шығыс жағында мешіт ішіне жарық түсетін терезе ойығы және михрап қуыстары бар. Қарақоже мешітінің Бұхара және Самарқанмешіттеріндегі сәулет өнері үлгісінде салынғанымен өтпелі доға тәрізді галерея құрылымынан өзіндік ерекшелігі байқалады. Ескерткішті 1945 ж. Г.Б. Ысқақов, 1949 ж. Л.И. Ремпель,Г.И. Пацевич, 1979 ж. Т.Қ. Қуандықов, Ж.А. Шайкенов басқарған ғыл.-зерт. экспедициялары зерттеген. Қарақоже мешіті респ. маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, 1984 ж. қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.[1]

1
2311
0