Армения жастарына шама жетпеді

Kazsport agent 2013 M08 12
161
0
0
0

Енді жерлестеріміз келесі кездесуін 5 қыркүйек күні түзде Франция құрамасына қарсы өткізеді. Өз алаңында Армения құрамасынан айласын асыра алмаған жастарымыз түзде топ көшбасшысына қауқар көрсете...


Армения Қазақстан матчы

Енді жерлестеріміз келесі кездесуін 5 қыркүйек күні түзде Франция құрамасына қарсы өткізеді. Өз алаңында Армения құрамасынан айласын асыра алмаған жастарымыз түзде топ көшбасшысына қауқар көрсете алар ма екен? Оны уақыты келгенде көретін боламыз.

«Еуро — 2015″ іріктеу додасының аясында елорданың«Астана-Арена» стадионында Армения құрамасын қабылдағанҚазақстан жастар құрамасы 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан — Армения 0:1

 

Гол: Погосян 4 (0:1).

Ескертулер: Ульшин 73 — Мурадян 44, Ароян 59

Қазақстан U-21: Покатилов, Сартаков, Қожабаев, Пасечник, Бейсебеков (Аллаяров 76), Сариев, Қуат, Ульшин, Исламхан, Калинин (Бауыржан 80), Бегалин (Муртазаев 46)

Армения U-21: Бегларян, Оганесян, Ароян, Восканян, Погосян Гаг., Малакян, Минасян, Мурадян, Папикян (Погосян Гук. 84), Акопян (Сардарян 68), Адамян (Айвазян 90)

Бас төреші: Владимир Внук (Словакия)

11 тамыз. Астана. «Астана Арена» 8500 көрермен.

Іріктеу додасының бірінші кездесуінде жерлестеріміз түздеБелоруссия жастар құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жеткенболатын. Осы ойында да жастарымыздан жеңіс күткенбіз. Өкінішкеқарай, өз алаңымызда армяндарға шамамыз жетпеді.

Ойынды өте белсенді бастаған Армения жастар құрамасықазақстандықтар алаңға бейімделіп болғанша, қақпамызға гол соғып кетті. Төртінші минутта қонақтар бұрыштама добын орындаған. Допқа бірінші болып жеткен Гагик Погосян баспен қақпаға дәл қадады. Бұдан кейін деҚап тауының баурайынан келген жігіттер қорғанысымызға тыным бермеді. Алыстан жиі соққы бағыттап, есепті еселегілері келді. БірақВаспурак Минасянның да, Авган Папикянның да соққылары нысанаға жеткен жоқ. Осыдан кейін ғана аздап ес жиған алаң иелері алға ұмтыла бастады. Абзал Бейсебеков бар, Қуаныш Бегалин мен Илья Калинин бар,әйтеуір есепті теңестіруге тырысып жатты. Алайда қонақтардыңқақпашысы да қарымды екен, қазақстандықтардың барлық соққыларына тойтарыс берді.

Екінші таймда Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Сергей Боровский «Шахтердің» жас жұлдызы Роман Мұртазаевты алаңға шығарды. Сол-ақ екен, шабуылымыз түрленіп, қонақтардың қорғанысын тықсыра бастадық. Армяндардың да жүйкелері сыр бере бастап, жиі тәртіп бұза берді. Бірақ Бауыржан Исламхан мен Абзал Бейсебеков болмаса, қалған жастарымыз шабуылды қалай өрбітерін білмей, әбденәбігерге түсті. Одан кейін армяндар да жеңісті есепті ұстап тұру үшінқорғаныстарын күшейтіп, шабуылшыларымызды мүлдем тұсап тастады. Нәтижесінде ойын сол күйі 0:1 есебімен аяқталды. Енді жерлестеріміз келесі кездесуін 5 қыркүйек күні түзде Франция құрамасына қарсыөткізеді. Өз алаңында Армения құрамасынан айласын асыра алмаған жастарымыз түзде топ көшбасшысына қауқар көрсете алар ма екен? Оны уақыты келгенде көретін боламыз.

 

Оцените пост

0
Дальше