Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:45, 12 августа 2013

Блохин келе жатыр


Олег Блохин

Владимир Никитенко мен Олег Блохин жасыл алаңда сан рет кездессе де, бапкер ретінде бірде-бір рет кездеспепті. Әрине ол кездері «Динамоны» ұту кез-келген командаға арман болушы еді. Сонда да «Қайрат» ара-тұра ебін тауып, «Динамоны» тізерлетуші еді. Ендігі кезек, «Ақтөбеде».

Өткен ғасырдың 70-80 жылдары жас балалардың кумиры Олег Блохин болған еді. КСРО құрамасымен Киевтің «Динамосының» 11 номерлі шабуылшысы 1975 жылғы «Алтын доптың» иегері.  Талай баланың футболға келуіне Блохиннің өз  септігі бар. Қазіргі кезде Месси мен Роналду таңды-таңға ұрып жырлайтын бала-шаға Блохиннің шеберлігін көрмеген болар. Бірақ, сол кездегі кез-келген жас бұл күндері де, Блохин десе құлақтары елеңдейтіні анық. Сол Украинаның ұлы футболшысы біздің елге де бірнеше рет келген. Киевтің «Динамосы» еліміздің сол кездегі бас шаһарына келгенде үлкен той болатын.  Ал шабуылшы Блохин Алматының «Орталық стадионында» Александр Убыкин, Құралбек Ордабаев сияқты қақпашыларға сәт сайын тыным бермейтін.  Міне, сол Олег Блохин енді Алматыға емес, Ақтөбеге келетін болады. Бұл жолы ойыншы ретінде емес, бапкер ретінде.

«Қайрат» сапында  КСРО чемпионатында  257 матч өткізіп, команданың өзіндік рекордын жаңартқан Владимир Никитенко  бұл күндері «Ақтөбенің» бас бапкері. Біздің айтпағымыз бұл емес. «Ақтөбе» өздерініз білетіндей, Еуропа лигасының іріктеу раундының плей-офф сайысында «Динамомен» кездеседі. Бұл дегеніз Никитенко бапкер өзі кезінде қарсы ойыншы ретінде кемінде жылына екі рет кездесетін Киевтің «Динамосымен» енді бапкер ретіндей жолықпашы. Әсіресе, 1984/85 жылы «Қайрат» Алматыда «Динамодан» ұтылмаған болатын.

Владимир Никитенко мен Олег Блохин жасыл алаңда сан рет кездессе де, бапкер ретінде бірде-бір рет кездеспепті. Әрине ол кездері «Динамоны» ұту кез-келген командаға арман болушы еді. Сонда да «Қайрат» ара-тұра ебін тауып, «Динамоны» тізерлетуші еді. Ендігі кезек, «Ақтөбеде».

Олег Блохин, Олег Протасов, Игорь Беланов, Андрей Шевченко сияқты жұлдыздарды тәрбиелеген Киевтің «Динамосы» біздің төрт дүркін чемпионмен топтық кезеңге жолдама беретін жалғыз жолдамаға таласады дегенде, іштей қуандым. Мұндай атақты командамен кездесу кез-келген ұжымға арман.

Қазіргі кезде украиндар сапында Ярмоленко,Беланда,Ленс, Мбокони сияқты ойыншыларды бөле-жара айтуға болады. Басты қауіп те осы ойыншылардан келеді.

«Динамоның» атағы алысқа кеткен команда болса да, «Ақтөбе» оңайшылықпен беріле салады деуге келмес. «Ақтөбе» биыл топтық кезеңде өнер көрсетуі тиіс.

 

Бек Төлеуов

 
0
228
0