Ұлы Абайдың шығармашылығы туралы оймақтай ой.

Torkara 2013 M08 12
1762
0
12
0

Ұлы Абайдың туған күніне орай фейзбук парақшама жазылған пост болатын.

Бүгін хакім Абайдың туған күні. Қазақты Абайсыз елестету қиын. Өз дәуірінде қазақтың бойындағы артық қылықтың барлығын айтып кеткен. Ұлы Абайдың сөздерінің өміршең болуы бойымыздағы артық әдетімізді тастамағаннан болар...

Біз Абайды оқимыз, бірақ оқығанымызды күнделікті өмірімізде қолданбаймыз. Оқылған күйі қалады. Қолданатындар, Абай айтқан артық дүниелерді бойынан жоғалтуға тырысатындар бар шығар. Бірақ, өте аз. Байқайтыным қазір "Абай айтқан" дегеннен көп дүние жоқ. Бірақ сол адамға қарап отырып жұртқа айтып отырған сөзінің өзіне де қатысы бар екенін байқауға болады. 

Абайды түсінбей насихаттайтындар көп. Мысалы дінді насихаттайтын адам, сол діннің заңдарын өзі бастап орындайды ғой. Сол секілді Абайды насихаттамас бұрын 
ақын айтқан жалқаулық, қызғаншақтық, бос сөз, тобырға еру секілді керексіз дүниелерден өзі арылу қажет. 

Абай айтқан дүниелерді тек оқып, орындауға шорқақтық танытады деуге бір себеп келтірейін. 

"«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны." 
Абай Құнанбаев. 29 - сөз.

Жиырма тоғызыншы сөзінде осы мақалға қысқа әрі нұсқа анықтама берген. Бірақ, ақынның тайға таңба басқандай қылып анықтап берген мақалы осы уақытқа дейін қалай жетті? Қазір екі адамның бірі біледі осы мақалды. Тойларда, жиындарда да айтқан адамдарды көзіміз көрді. Егер қазақ Абайдың айтқанымен жүрсе бұл мақал сол заманда өліп қалар еді. Қазіргі ұрпақ "осындайда мақал болған екен ғой" деп таңқалар еді... "Абайды оқимыз, бірақ айтқандарын орындамаймыз, бойымыздан ақын айтқан жаман қылықтан арылмаймыз" деген сөзіме жауабым).

Оцените пост

11
Дальше