Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:45, 08 августа 2013

Головкинге қарсылас табыла ма?


Геннадий Головкин

Таяуда мексикалық Сауль Романды бірінші раундта құлатқаннан кейін тіптен масайрап, Головкиннің бағытына қитыққа тиер сөздерді қарша боратуда. Сөйтсек, қарсыласының алып бара жатқан дәнеңесі де жоқ екен. Әлемдік рейтингте небәрі 63 орында тұрған мексикалықты жеңгеніне мәз.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы өзінің келесі жекпе-жегінқараша айының 2-сі күні өткізеді. Бірақ, шыны керек, әліқарсыластары анықталмай жатыр.

Генаның өзі бір сұхбатында әлемдік рейтингте 7-орында тұрған британдық Мартин Маррейге ұсыныс тастағанын айтыпты. Бірақбритандық боксшы Головкиннен еш ұсыныс түспегенін айтып бетқақтырмай жүрген көрінеді. Оның үстіне, бұрын қылмыстарына байланысты істі болған Мартиннің АҚШ жеріне өтуге құқы жоқ. Ал жерлесіміздің жекпе-жегі АҚШ-та өтеді деп жоспарлануда. Дегенмен, жер талғамайтын Головкин, «Мартиннің қалауы сол болса, айқасты Англияда да ұйымдастыруға болады» деп отыр.

Сондай-ақ, 2 қараша күні Генаға американдық 29 жасар боксшы Кертис Стивенс те қарсылас атануы мүмкін. Сабазың әр сұхбатында, «Головкин әлі менікі сияқты соққысы жойқын боксшымен кездесіп көрген емес. Мен оны нокаутқа түсіремін», — деп менменсіп жүр. Таяуда мексикалық Сауль Романды бірінші раундта құлатқаннан кейін тіптен масайрап, Головкиннің бағытына қитыққа тиер сөздерді қарша боратуда. Сөйтсек, қарсыласының алып бара жатқан дәнеңесі де жоқ екен. Әлемдік рейтингте небәрі 63 орында тұрған мексикалықты жеңгеніне мәз. Дегенмен, Головкин де, оның промоутерлері де егер басқа лайықтықарсылас табылмаса, онда Стивенспен жұдырықтасатынын айтуда. Яғни, жерлесіміздің бұған дейінгі қарсыластары секілді Кертистің де көктен түсер кезі алыс емес.

Айтпақшы, айта кетейік, жақында қалалық мәслихаттыңшешімімен WBA және IВО чемпиондық белбеуінің иегері Геннадий Головкин Қарағанды қаласының құрметті азаматы атанды.

   

Алаштың Аренасы

 
0
200
0