место в рейтинге
  • 745623
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Еуропа лигасы. Сидельников «сиқыры»


Андрей Сидельников төрт бірдей пенальтиді қайтарды

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Ақтөбе» пенальтиден «Брейдабликті»  жеңді. Ұлттық құрама қақпашысы Андрей Сидельников төрт бірдей пенальтиді қайтарды.

Алғашқы минуттарда Владимир Никитенко шәкірттері сәтті ойын өрнегін көрсетті. Төрешінің ысқырығы шалынысымен «Ақтөбе» алға ұмтылған-ды. Алайда уақыт өте жергілікті ұжым ойын деңгейін теңестіре білді. Шабуыл шебінде өнер көрсетіп жүрген Сергей Лисенков бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады. Есесіне «Брейдаблик» пайдаланды. 27 минутта Андрей Сидельников қорғаған қақпаның кілтін тауып кетті. Голды команда капитаны Маргейрссон соқты.

Екінші таймда Владимир Никитенко шәкірттеріне бар ақылын жеткізгендей. «Ақтөбе» кездесудегі басымдықты өз қолына ала бастады. Алайда 38 жастағы  Гуннлейфур Гуннлейфссон шеберлігін таныта білді. Жергілікті команданы аса қауіпті сәттерден алып шықты. 67 минутта Харабара мен Тимур Кападзенің соққыларын қақпасына дарытпады. 82 минутта «Ақтөбе» сапында ойыншы алмасты. Алаңға «Ақтөбенің» өзбек легионері Александр Гейнрих шықты. Александрдың алаңға шығуымен команда шабуылына жаңа серпіліс енгендей болды. Алайда таблодағы есепті өзгертуге қос ұжымның да шамалары жетпеді.

Қосымша уақытта қос команда да бір-бірінің қателігін аңдумен уақыт өткізді. Тимур Кападзенің пас берудегі қателігі Рохденің қауіпті шабуыл жасауымен аяқталды. Қақпашымен бірге-бір шығуға аз қалған Марат Хайруллинды соңғы сәтте қорғаушы тоқтатты. Осылайша кезек пенальти сериясына да жетті. Алғаш болып «Брейдаблик» пенальтиді орындайтын болды.

Пенальти сериясында «Ақтөбенің» бағы жанды. Андрей Сидельников қарсыластың 4 бірдей футболшысының добын қайтарды.«Брейдаблик» сапынан Ингасон, Лидссон, К.Йонссон және Троост ұлттық құрамамыздың қақпашысынан айласын асыра алмады. Тәжірибелі Гуннлейфур Гуннлейфссон да аянып қалмады. Алғашқы кездесуде сан соқтырған Марат Хайруллиннің соққысын қайтарды. «Ақтөбе» сапынан Эмиль Кенжесариев пен Тимур Кападзе нысананы дәл көздеп, команданы плей-офф кезеңіне алып шықты.

Кездесудегі статистикаға көз жүгіртіп көрейік:

Қақпаға соққы: 5 — 13
Қақпаға дәл соққы: 2 — 6
Бұрыштамалар: 1 — 7
Офсайдтар: 3 — 7
Ереже бұзу: 17 — 17
Сары қағаз: 1 — 4
Қызыл қағаз: 0 — 0.

«Брейдаблик» (Копавогсвёлюр, Исландия) — «Ақтөбе» (Ақтөбе, Қазақстан) 1:0, қосымша уақыт. 1:0, пен. 1:2
Гол:
Маргейрссон 27 (1:0)
Ескертулер: Адальстейнссон 58 — Ковальчук 44, Мулдаров 52, Лисенков 60, Харабара 65
«Брейдаблик»: Гуннлейфссон, Троост, Ингасон, Йонссон К., Маргейрссон, Хрейдарссон, Лидссон, Гардарссон (Рохде 73), Йеоман (Вильяльмссон 101), Адальстейнссон (Хельгасон Э. 82), Хрейнссон
«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Арзуманян (Балтаев 105), Кенжесариев, Харабара, Хайруллин, Ковальчук, Кападзе, Лисенков (Гейнрих 82)
Бас төреші: Себастьен Дельферьер (Бельгия)
9 тамыз. Рейкьявик. «Лейгардальсведлюр».
Алғашқы кездесу:
0:1.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
9 августа 2013, 11:43
155

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8732
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3103
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3258
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2956
  • 50
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2774
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2837
  • 31
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2145
  • 18
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2294
  • 2