Ескі де жаңа Грузия

Kazsport agent 2013 M08 8
203
0
0
0

Бұл кездесу екі құраманың өзара 3-ойыны болмақ. 2006 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Грузия құрамасы Қазақстанды Алматыда 2:1 есебімен ұтты, ал Тбилисидегі ойын 0:0 есебімен тең...


Грузия - Қазақстан матч

Бұл кездесу екі құраманың өзара 3-ойыны болмақ. 2006 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Грузия құрамасы Қазақстанды Алматыда 2:1 есебімен ұтты, ал Тбилисидегі ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Қазақстан ұлттық құрамасы 14 тамыз күні Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Грузия құрамасымен жолдастықкездесу өткізеді. Бұл кездесу екі құраманың өзара 3-ойыны болмақ.

2006 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Грузия құрамасыҚазақстанды Алматыда 2:1 есебімен ұтты, ал Тбилисидегі ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Іріктеу кезеңіндегі жалғыз ұпайды отандастарымыз сол ойында жеңіп алған болатын. Қақпашы Давид Лория 7-минутта Г.Деметрадзенің пенальтиден тепкен добын қайтарғаны да есімізде.

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мирослав Беранек алдағы кездесуге З.Коробов (Жетісу»), И.Юрин («Ертіс») және А.Щеткин («Атырау») секілді жаңа ойыншыларды шақырып отыр. Юрин мен Щеткин бұған дейін де құрама жиындарына қатысты, бірақ алаңға шыққан жоқ. Ал Коробов тұңғыш рет шақырту алып отыр. Қазақстанқұрамасы сапындағы соңғы матчын 2011 жылдың 26 наурызында Кайзерслаутерн қаласында Германияға қарсы өткізген Н.Жұмасқалиев те еліміздің бас командасына қайта оралды.

М.Беранек «Астана» командасын жаттықтырып жүрген кездеқұраманың талассыз ойыншылары болып саналатын Ұ.Қонысбаев, М.Шахметов және Т.Нөсербаев бұл жолы қосалқы тізімде ғана. Олар кез келген сәтте құрама жиынына шақырылуы мүмкін.

Бұл кездесу – отандастарымыздың 2014 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу ойындары алдындағы басты дайындығы. 6 және 10 қыркүйекте «Астана-Аренада» Қазақстан құрамасы Фарер аралдары мен Швециянықабылдайды.

«Дала мен Қала» газеті

 

Оцените пост

0