место в рейтинге
  • 771795
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Пәле-жала аяқ астынан...


Азамат Теңізбаев

Біз әуежай маңынан полиция учаскесін іздеп таба алмадық. Сөйтсек, Азаматты бірден қала орталығына қарай алып кеткен екен. Мемлекеттік жаттықтырушы Арман Шылманов екеуміз қаламыз деп ниет білдіріп едік. Бірақ, ол жерде қалсақ, заңмен қудаланатынымызды түсіндірді.

Өткен аптада отандық телеарналар жағымсыз ақпарат таратып, елді елең еткізді. Соның ішінде спорт сүйер қауым бұл хабардың рас-өтірігін білмей аңтарылып қалған.

Оқиға былай болған: Таэквондодан Қазақстан құрамасы осыдан біраз уақыт бұрын нақтырақ айтсақ, шілденің 10-ы күні Мексикадағы әлем чемпионатына аттанады. Онда республикалық іріктеуден іркілмей өткен 11 спортшы және оларды бастап 4 бапкер кетеді. Жарыс аяқталып, елге келе жатқан жолда құрамада өнер көрсететін бір спортшымыз ойламаған келеңсіздікке тап болады. Мексикадан Ұлыбритания арқылы қатынайтын ұшақ ішінде 18 жастағы Азамат Теңізбаевқа қасында отырған ұлыбританиялық қыз «мені жыныстық қатынасқа итермеледі» деп полицияға шағым түсірген. Ұшақ Лондон әуежайына қонған бетте жергілікті сақшылар Азаматтың қолына кісен салып, сөзге келместен бірден алып кеткен.

Міне, сол күннен бері қарай Азаматқа тағылған айыптыңрас-өтірігіне ел де, ата-анасы мен туыстары да көз жеткізе алмай келеді. Ал бұл іске байланысты Ұлыбританияда 23-ші тамызда сот отырысы өтпек.

 

Cоңғы ақпаратқа қарағанда, Азамат Теңізбаев Лондондағы Фелтхам тергеу изоляторында отыр екен. Бірақ, жергілікті полициялар қазірге дейін, Азаматты туған-туыстарымен хабар­ласуға мүмкіндік бермей отырған көрінеді.

Азаматтың ата-анасының қазір баласын жарысқа алып барған бап­кер­лер менқұрамаға жауапты тұлғаларға өкпесі қара қазандай. Ата-анасының айтуынша,құрамаға жауапты тұлғалар Азаматтың үстінен іс қозғалып, Лондонда тәртіп сақшылары алып қалғанда қасында біреуі қалмай, келесі ұшаққа отырып барлығы елге оралған. Істі болды деген айыппен ұсталған Азамат жарыстан шаршап, ұшаққа отырған бетте ұйқыға кеткен. Ұйықтап жатқанда бір қолықасында отырған ағылшын қызының денесіне тиіп кеткен. Ол қыз спортшыныңбұл қылығын ерсі көріп, полицейлерге шағымданып үлгерген. Лондонәуежайында ұшақ бортына полицейлер көтеріліп, Азаматты алып кеткен.

Ал, бапкерлері мен федерация қызметкерлері алғашында туған-туыстарына «шу шығармаңыздар, мәселе шешіледі», деп сендірген. Алайда, арада аптаөткен соң шыдамаған туыстары дабыл қағып, әділдік іздеп жатыр.

Бұл іске қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі де атсалысып жатыр екен. Министрлік Азаматтың анасы Жазира Тілешоваға 20-тамызға дейін шетел асуға рұқсат беретін құжаттарын әзірлеп беруге уәде етіпті. Сондай-ақ, отандасымыздың мүддесін білікті адвокаттар қорғайды деп сендіріпті.

Айта кетсек, осыдан тура 2 жыл бұрын да дәл осыған ұқсас оқиға АҚШ-та тіркелген еді. Онда арнайы бағдарлама бойынша білім алып жүрген 20 жастағы Жанболат Бақытбекұлына 11 жастағы қыз балаға әдепсіздік әрекет көрсетті деген айып тағылды. Бірақ кейін отандасымыз ақталып шықты.

Талғат Тілешев, Азаматтың әкесі:

– Алып қалуының себебі әуежайда баланың қолы ағылшын қыздың денесіне тиіп кеткен. Балам ұйықтап жатқан. Оны бір құдай біледі, тиді ме, тимеді ме, дәлелденген жоқ. Ал менің ұлым жағынан ол жерде оны қолдайтын,қорғайтын ешкім болмаған. Не куәгерлер де ешкімді араластырмаған. Не болатынын әлі білмейміз.

Жазира Тілешева, Азаматтың анасы:

Қазір баламның қандай күйде екенін білмеймін. Сұрайтыным баламдықайтарсын! Баламды тезірек құшағыма алғым келеді! Сотты тамыздың 23-іне белгіледі. Енді біз айтсақ бапкерлері ешқайда шағымданбаңыздар дейді. Бейхабармыз, баламызбен сөйлестірмейді. Қазір Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын құжаттарымды рәсімдеп жатыр. Баламның үстінен ашылатын сот отырысына үлгеріп барсам деген ниеттемін. Оған дейінқұжаттарым жұмысы біте ме, бітпей ме білмеймін. Тезірек барып баламды көргім келеді.

Шамсат Исабеков, таэквондо федерациясының президенті:

– Сол оқиға болған ұшақта мен де бармын. Мексикадан ұшаққа кешкісін отырдық. Лондонға дейін 11 жарым сағат ұшады. Түн ортасы. Жолаушылардың барлығы ұйқыда жатқан. Әуе кемесінде жүздеген адам бар. Соншама адам отырғанда есі дұрыс адам ондай сорақылыққа бармайтыны белгілі. Азамат Теңізбаев ондай ессіз жігіт емес. Орындықтар арасы тым жақын, отыратын орындары да тар. Ұйықтап жатқан баланың қолы байқамай шағымданушы қыздың бір жеріне тиіп кеткен болу керек. Ол қыз оны қате түсініп, әдепсіздік танытты деп шағымданған. Таң ата Лондонға келіп қонғанда жергілікті полицейлер қаптап кетті. Бізді ұшақтан түсірмей, әбігерге салды. Біз не болғанын сол кезде барып, бірақ білдік. Сенер-сенбесімізді білмей қалдық. Қолымыздан келгенше жағдайды сұрап, баланықұтқарып қалуға тырыстық. Тіпті, Арман Шылманов пен Мұрат Темірғалиев екеуі қалатын болды. Бірақ, мерзімі шектеулі визамен басқа елден келе жатқан азаматтардың жол-жөнекей ол елге қалуына болмайды екен. Ал ата-анасы баламызды тастап кеттіңдер деп бізге өкпелейді. Ол басқа ел, біздің ойлағанымыздай болса алып келер едік қой. Біз қазір де қолдан келгенше ата-анасына көмектесуге дайынбыз. Алайда еларалық істі федерация қалай шешеді. Бұны еліміздегі белгілі құзырлы органдар мен Сыртқы істер министірлігі шешеді. Не болса да 23 тамызда сот отырысы белгіленді. Барлығы заң аясында шешіледі, шулағаннан еш пайда жоқ.

Мұрат Темірғалиев, Қазақстан таэквондо федерациясының бас хатшысы:

– Азаматтың ата-анасы мен туыс­тары бізге өкпелі екенін білеміз. Алайда біз Теңізбаевты алып кеткенде қолымыздан келгенше жүгірдік. Полицейлер Азаматты ұшақтан түскен бетте көлікке отырғызып алып кетті. Бізәуежай маңынан полиция учаскесін іздеп таба алмадық. Сөйтсек, Азаматты бірден қала орталығына қарай алып кеткен екен. Мемлекеттік жаттықтырушы Арман Шылманов екеуміз қаламыз деп ниет білдіріп едік. Бірақ, ол жерде қалсақ, заңмен қудаланатынымызды түсіндірді. Былайша айтқанда, олар бізді ұшаққа отырғызып жіберді. Қазір федерация да, Сыртқы істер министрлігі де барлық шараны жасап жатыр. Бәрі ойдағыдай шешіледі деген үміттеміз.

 

Күнсұлтан ОТАРБАЙ,

«Sport»

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
8 августа 2013, 12:11
261

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8309
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5692
  • 22
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 3172
  • 12
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3109
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 3101
  • 20
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2371
  • 29
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 1782
  • 6