место в рейтинге
  • 716242
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Шахтер» ширатқан жаңа шежіре


«Скендербеу» мен «Шахтер»

Жылда еурокубоктарға үкілеп қосқан клубтарымыз шілдеден аспай, тамызға жетпей УЕФА додасынан шығып қалып жататын. Енді «Шахтер» қай кубокта болсын жаңа жылға дейін (желтоқсан айының бірінші жартысына дейін) Қазақстан жанкүйерлерінің делебесін қоздыратын болады.

Қарағандының «Шахтері» Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысынан өтіп, қазақ футболын тарихи ерен жетістікке жеткізді. Егеменді ел болғалы Қазақстан клубтары ешқашан еурододаның төртінші (ең соңғы сатысына) дейін жетпеген. Енді «Шахтер» не Чемпиондар лигасының, не Еуропа лигасының топтық кезеңінде додаға түсетін болады.

Жылда еурокубоктарға үкілеп қосқан клубтарымыз шілдеден аспай, тамызға жетпей УЕФА додасынан шығып қалып жататын. Енді «Шахтер» қай кубокта болсын жаңа жылға дейін (желтоқсан айының бірінші жартысына дейін)Қазақстан жанкүйерлерінің делебесін қоздыратын болады.

Жыл сайын көңілдері қалаған шетелдік клубтар үшін күйіп-пісіп жүрген отандастарымыз енді өз клубымыздың жолына үңілетін болады. Ал футбол десе, түн ұйқысын төрт бөліп, жарғақ құлақтары жастыққа тимейтін жанкүйерлер біздеөте көп.

Сейсенбіден сәрсенбіге ауған түні қазақстандық жанкүйерлердің бәрінің назары Албанияның Тирана қаласындағы «Скендербеу» мен «Шахтер» арасындағықарымта кездесуге ауды. Алтай мен Атырауға дейін созылып,  Кереку менҚызылқұмға шейін жайылып жатқан кең байтақ киелі даланы мекендеген қазақхалқы мен қазақстандықтар кеншілер клубының тілеуін тіледі.

Қарағанды қаласындағы жанкүйерлер тіпті «Шахтер» стадионына жиналып, Албаниядағы ойында Арқа төсінен тамашалады. Әлеуметік желілер арқылықолдау көрсетіп, пікірталас өткізгендер қаншама?!

Елу шақты жанкүйер «Шахтермен» Тиранаға да барды. Сөйтіп, Қазақстан халықтарының тілектері бір арнаға тоғысып, бәрі де «Шахтердің» жеңіске жетуіне тілеулес болды.

Алайда албан халқының «Кемал Штафа» стадионындағы ойыны біз үшін жүдәсәтсіз басталып, Қазақстан жанкүйерлерді біраз қобалжытты…

Қарымта кездесу басталысымен-ақ алаң иелері тайлы-таяғымен алға қарай лапқойды. Ал «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков, бұған дейін өзі жасырмай айтқандай, қорғанысқа көңіл бөліп, алаңға бес қорғаушы шығарыпты. БеларусьтіңБАТЭ-сін титықтатқан тактикасын қолданбақ болды.

«Скендербеудің» бас бапкері Мирель Йоца болса, біз болжағандай, «енді тек Еуропа лигасы жайлы ойлаймыз, өйткені Қазақстан клубынан асып түсу әсте мүмкін емес» деп әдейі айтып жүр екен. Албания чемпионы тезірек гол соғып, «Шахтерді» сеңдей соғыстыруды ойлады.

Алайда олар алға қарай ентелегенде, «Шахтер» қарсы шабуыл ұйымдастырып, Сергей Хижниченконың гол соғатын екі мүмкіндігі болды. 2-минутта «тисе терекке, тимесе – бұтаққа» деп тебе салған добы тым пәрменсіз болды.

Іле-шала қақпашымен бетпе-бет шықты. Өкінішке қарай, допты сәл қиыс теуіп, тамаша мүмкіндікті мүл жіберіп қойды. Бұл ойынның 4-минуты ғана болатын. Егер Хижниченко теңбіл допты қақпаға тоғытқанда, «Скендербеудің» салы суға кетіп, ойыншылары шалқаларынан түсер ма еді…

Содан басталды. Хижниченко соқпаған голды алаң иелері біздің қақпаға тоғытты. Тамаша шабуыл ұйымдастырып, біздің қорғаушылардың екі аяқтарын бір етікке тықты. Қақпаның оң бүйірінен көлбеулете берілген пасқа Томич бәрінен бұрын жетіп, есеп ашты.

Осы гол біздің команда сапындағы футболшылардың ұнжырғаларын түсіріп жіберді. Осыдан кейін «Шахтердің» ойыншылары жиі-жиі қателесіп, білгендерінен жаңылды. Көп ұзамай Никола Василевич «Скендербеу» шабуылшысын шалып жықты.

Кейбіреулер осы сәтте төреші қателесті деп жүр. Бірақ Василевич «жамбастап сырғанай», допты шабуылшының аяғынан тартып алмақ болғанда, оның аяғы допқа тимеді (доптың бағыты өзгерген жоқ). Ал «Скендербеу» шабуылшысы оған шалынып құлады…

Пенальтиді қарсыластарымыздың капитаны Шкемби шебер орындады. БАТЭ клубымен кездескенде Кривец орындаған пенальтиді тойтарған Александр Мокиннен тағы да ерлік күтіп едік, болмады.

«Шахтер» қорғаушыларының асығып-үсігіп, қателесе берулері мұнымен шектелмеді. «Скендербеудің» келесі шабуылдарының бірінде Сергей Малый допты иығымен де, қолымен де көлегейлеп, өзінен асырмады. Қапталддағы төреші «мен бәрін көріп тұрмын» дегендей байбалам салып, бас төреші тағы да пенальти берді.

Бледи Шкемби еш қобалжымай, екінші рет Мокинннен айласын асырды. Есеп – 3:0. Сол кездегі Қазақстан жанкүйерлерінің көңіл-күйін айтпаңыз. Бәрі де жабырқап, тықыршып кетті…

Абырой болғанда, «Шахтердің» ойыншылары сабаларына түсіп, қамшыны басты. Тек осы голдан кейін ғана жағдайларының қыл үстінде тұрғанын сезіп, естерін жиды.

Жартылай қорғаушылар ойын өрнегін орталық алаңға қарай ығыстырып, доптыөздерінде көбірек ұстауға тырысты. «Скендербеу» қақпасын алыстан нысанаға алу да басталды. Дәл осы сәтте Каньяс, Казарян, Симчевич және Финонченко тістене ойнап, жанкештілік таныта білді.

Бірінші таймның аяғына қарай Симчевичтің оң қапталдан әуелете тепкен добын Хижниченко басымен қақпаға дөп түсірді. Бұдан да оңтайлы сәттерде гол соға алмаған Сергей қиын-қыстау сәтте шеберлік танытып, команданы дүр сілкіндірді. Осыдан кейін «Шахтер» қорғанысқа иек артқанды қойды.

«Шахтер» гол сокқан соң, Албания клубының ойыншылары негізінен допты емес, кеншілер клубының ойыншыларын тебуге көшті. Итеріп қалу, қағып жіберу жиіледі. Ал төреші оған мән бермей, алаң иелерін жазалауға тырысқан жоқ.

Екінші таймда Виктор Кумыков алаңға Мақсат Байжановты шығарды. Бірінші таймда көп қателескен, алаң иелерінің жолын кесуге үлгере алмай қалып жүрген Малыйды алмастырды.

Бас бапкердің осы шешімі дұрыс болды. Мақсат Албания чемпионыныңшабуылын бұзып қана қоймай, өзіміздің ойын өрнегімізді өрбітуге араласып отырды.

Екінші таймның 54-минутында Албания клубының ойыншылары қазақтың «Көп асқанға – бір тосқан» деген мақалының мән-мазмынын түсінді. Қонақтарын қағып-соғып, ереже бұзып жүріп, опық жеді.

Біздің қақпаға екі пенальтидің берілуіне себепкер болған Перо Пеич «ойнақтап жүріп, от басты». Василевичті артына итеріп қалып, аяғынан бір теуіп, алаңнанқуылды. Оның біздің қақпа алдындағы үшінші әрекеті пенальтиге ұласпай, өзіне айналып тиді.

Бұл алаң иелеріне әсер етті, әрине. Олар енді «екі гол соғу мүмкін емес» дегендей сүлесоқ жүргенде, Байжанов олардың «Чемпиондар лигасының келесі сатысына шықсақ» деген армандарының күлін көкке ұшырды.

67-минутта Андрей Финонченконың аяғына салып берген супер пасын, аспай-саспай ыңғайына салып алды да, қақпаға сүңгітіп, есепті қысқартты.

Осы голдан соң «Скендербеудің» жүні жығылып сала берді. «Шахтер» тағы бір гол соғып, есепті теңестірсе, УЕФА коэффициенті рейтингісіндегі Қазақстанқоржынына аз да болса, тағы ұпай түссе деп, қанша тықыршысақ та, Қазақстан чемпионы таразы басын теңестіре алмады. Тырысса, теңестіре алар да ма еді. Бірақ «Шахтер» гол соққаннан гөрі өз қақпасына доп жіберіп алмауды көбірек ойлағандай.

Сөйтіп, екі матчтың қорытындысы бойынша «Шахтер» 5:3 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының плей-офф сатысына шықты. Албания чемпионы Астанада қауқарсыз күй кешіп, бізге олсалдау көрінгенімен, өз алаңында жақсы ойнайтын команда екен.

Ал «Шахтер» ше? «Шахтер» Еурододалардағы тәжірибесінің аз екендігін көрсетіп алды. Чемпиондар лигасының үшінші сатысында «өз жерімізде үш гол соқтық, енді түзде саспаймыз» деп арқаны кеңге салуға болмайтындығын жете түсінген болар деп ойлаймыз.

Еурокубок жолындағы додаларда қарсыластарын «Албания немесе Англия клубы» деп бөлуге болмайтындығына көздері жеткен де болар. Иә, азулы БАТЭ-ні жеңді. Бірақ ол жеңіс ендігі тарих қойнауына еніп кеткен. Сол жеңістің буынан арылу керек. «Е, сіздер БАТЭ-ні жеңген екенсіздер ғой» деп ешбір клуб жеңістіқолдан бере салмайды.

Десек те, «Шахтерді», бүкіл Қазақстан жанкүйерлерін кеншілер клубыныңтарихи жетістігімен құтықтаймыз. Енді

жұма күнгі жеребе тарту рәсімін асыға күтеміз…

«Скендербеу» (Корча, Албания) – «Шахтер» (Қарағанды) – 3:2

Голдар: Томич, 9. Шкемби, 20-пенальтиден. Шкемби, 29-пенальтиден – Хижниченко, 38. Байжанов, 67.

Ескертулер: Томич, 59 – Василевич, 20. Малый, 29. Джидич, 45.

54-минутта Пеич алаңнан қуылды.

«Скендербеу»: Шехи, Арапи, Адемир (Фагу, 85), Радаш, Гвозденович, Орелеси, Томич (Абази, 61), Лиляй, Морина (Еюпи, 64), Шкемби, Пеич.

«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев (Тарасов, 61), Джидич, Малый (Байжанов, 46), Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко, Хижниченко (Зенькович, 72).

Бас төреші: Иван Кружляк (Словакия)

Бірінші ойын – 0:3.

 

Нұрғазы САСАЕВ

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
8 августа 2013, 12:10
190

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52103
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
вчера / 11:08
  • 7129
  • 23
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 5146
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4554
  • 57
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 3824
  • 32
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3922
  • 11
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3844
  • 31
Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Тут нет безвкусицы, нет осуждающих взглядов на меховые тапки под вечерним платьем. Тут все одеваются как дети. Нацепили и пошли. Тоже самое и о волосах.
miyatov
17 мая 2017 / 11:09
  • 3249
  • 8
Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Попрощавшись с уже полюбившейся мне маленькой раздолбанной квартиркой, где соседки слезно умоляли меня остаться, я погрузилась в общажный мрак. Но тогда я этого еще не знала.
AutumnRain
17 мая 2017 / 10:07
  • 3467
  • 63