• 32533
  • 0
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Кеден импортталған тауарларды әкелудің жаңа тәртібін түсіндіреді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімінің күшіне енуіне байланысты, қазақстандық импорттаушылар кедендік декларациясымен қатар кеден органдарына Кеден одағының міндетті талаптарына әкелінген тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Кеден ісі саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын жан-жақты түсіндіруге біз ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы Өмірзақ Көбегенұлы Бейіспековпен сұрадық.

- Өмірзақ Көбегенұлы, қазіргі кезде міндетті сертификациялауға жататын тауарларға өтініш-декларацияны қабылдауды кеден органдары қызметкерлерінің қабылдамауына байланысты туындаған жағдайлар көптеген кәсіпкерлерді алаңдатуда. Бұл неге байланысты, жағдайды түсіндіріңізші.

- Иә. Расында сәйкестігін міндетті бағалауға жататын тауарларды кедендік декларациялау кезінде өтініш-декларация қабылданбайды, бұл техникалық реттеу саласындағы Кеден одағының заңнамасының талаптары. Атап айтқанда, Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленуге қатысты өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ережемен.

Бұл норма Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен регламенттелген.

Кедендік декларациямен біруақытта кеден органына осындай өнімдердің міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар, немесе осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынылады. Бұндай құжаттарға: сәйкестік сертификаты немесе Кеден одағының техникалық талаптарына немесе аумақтарда өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсімдерге орналастыратын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкестігі туралы декларация жатады.

Өзге құжаттарды қолдану Одақтық және ұлттық заңнамамен регламенттелмеген.

- Бүгінде УСҚ-да сертификациялауға жататын, әкелінген тауарларды орналастыруға байланысты көптеген шығындарды кәсіпкерлер тартуда. Олардың көбі сертификациялауды жүргізе алмайтынына наразылық білдіруде, себебі сәйкестікті растау бойынша органдар тауарды көрсетуді талап етеді. Айтыңызшы, осындай жағдайда кәсіпкерлерге не істеу керек?

- зерттеу мен сынақты жүргізу мақсатында сынамалар мен үлгілерді іріктеу мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде көзделгенін білу қажет.

Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 247-бабының бөлігінде, мүдделі тұлғалар және бақылаушы мемлекеттік органдар кеден органының рұқсатымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы.

Бұл ретте, сынамалар түрінде зерттеу жүргізу үшін қажетті қолайлысы тауар немесе тауар бөлігі қарастырылады, үлгілер ретінде – құрылымына, құрамына және барлық партиялардың қасиеттеріне, тауардың (өнімнің) серияларына, не бірлі-жарым объектісіне сәйкес тауардың (өнімнің) бірлігі.

Алайда, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуға, егер осындай алулар:

кедендік бақылауды жүргізуді қиындатпаса;

тауарлардың сипаттамасын өзертпесе;

өзімен кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден жалтармаса немесе тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға тартпаса рұқсатты кеден органы беретініне назар аударуды сұраймыз.

-Айтыңызшы, ұзақ уақытты алатын сертификациялау жүргізуге қатысты тауарлар қалай болады? Бұл тауарларды УСҚ-да сақтау едәуір қымбатқа түседі, және көптеген кәсіпкерлер бір ай, не екі ай ішінде тауарларын УСҚ-да сақтауға мүмкіндіктері болмайды.

-Иә, біз түсінеміз, УСҚ-да сақтау импортерлер үшін қосымша шығын, алайда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында баламалы тәртіптер көзделген. Яғни, СЭҚ-қа қатысушылар міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды алуды күтуі кезінде өз тауарларын УСҚ-да сақтауға мүлде міндетті емес.

Біріншіден:

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 265-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша сақтау алушының қоймасында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл үшін уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енуі міндетті емес.

Екіншіден:

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 301-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әкелінген тауарлар шартты түрде шығарылуы мүмкін.

Пайдалану және (немесе) билік ету жөніндегі шектеулерге қатысты еркін айналымға тауарларды шығару үшін қажетті лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және (немесе) өзге де құжаттарды табыс етуге байланысты ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған тауарлар болып саналады.

Сонымен, СЭҚ-қа қатысушы кедендік декларацияны беруге, барлық есептелген төлемдер мен салықтарды төлеуіне болады, кеден органдары барлық қажетті рәсімдерді жүргізеді және тауарларды шартты шығарады.

Бұл ретте, тек тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынғаннан және кедендік декларацияға түзету енгізгеннен кейін ғана шартты түрде шығарылған тауарлар Кеден одағының тауарлары мәртебесін алады, бұл сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынғанға дейін үшінші тұлғаларға, оның ішінде оларды сату немесе өзге де тәсілмен иеліктен шығару жолымен беруге, сондай-ақ оларды кез келген нысанда пайдалануға (қолдануға, тұтынуға) тыйым салынатынын білдіретінін ескеру қажеттігін сұраймын.

Егер қандай да бір себептермен шартты түрде шығарылған тауарлар сертификацияланбаған жағдайда осы тауарларға қатысты кері әкету қажеттілігі туындайды, онда бұдан бұрын төленген төлемдер мен салықтар кері қайтарылмайтын мүмкіндігі бар. Бұл кері экспорт кедендік рәсімі кеден заңнамасымен көзделген белгілі шарттарды сақтау кезінде қолданылуы мүмкін екеніне байланысты.

-Көптеген кәсіпкерлердің пікірі бойынша, осындай құжат өтініш-декларацияны қолдану кедендік ресімдеу процессін барынша оңайлатты?

- Өтініш-декларацияны қолдану СЭҚ-қа қатысушылары үшін және сондай-ақ кеден органдарына да қолайлы болды. Бірақ, мен түсіндіргендей, Қазақстан Республикасында бүгінгі күнге өтініш-декларацияны кедендік рәсімдеу кезінде қолдануды көздеген Заң не нормативтік құқықтық актілер жоқ. Жалпы алғанда бұл мәселе техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органының, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу комитетінің құзыретіне кіреді.

Сертификация бойынша зерттеу мен сынақтың аяқталуын күтпей кедендік декларациялауды жүргізуге мүмкіндік беретін құжаттарды қолдану мүмкіндігі мәселесі ағымдағы жылғы 24 шілдедегі Кедендік бақылау комиетінің, Техникалық реттеу және метрология комитетінің, бизнес-құрылымдардың, сондай-ақ «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте талқыланды.

Техникалық реттеу және метрология комитеті «іске асыру құқығынсыз сәйкестік сертификаты» нысанын енгізуге қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Үкіметке енгізуі туралы шешім қабылданды. Бұл құжат сертификацияның нәтижесін күтпей кедендік декларациялауды жүргізуге мүмкіндік береді.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет.

Таможенный комитет МФ РК KTK_MF_RK
Комитет таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан является ведомством Министерства финансов Республики Казахстан, осуществляющим в пределах своей компетенции реализационные и контрольно-надзорные функции в сфере таможенного дела в Республике Казахстан (из Положения о Комитете таможенного контроля МФ РК, утвержденного приказом Министра финансов Республики Казахстан от «24» апреля 2008 года за № 200).
8 августа 2013, 10:45
284

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 12914
  • 24
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10675
  • 102
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9779
  • 32
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 9630
  • 14
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8146
  • 34
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 5074
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3904
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3159
  • 62