Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:34, 07 августа 2013

Қарулы Күштер мемлекеттік тілді қолдайды

Blog post image2013 жылғы 7 тамызда ҚР Қорғаныс министрлігіндегі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының құрылғанына 10 жыл толды.

Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің директивасымен мемлекеттік тілді оқыту және талдау, редакциялау бөлімдерінен тұратын Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы құрылды.
Қазіргі уақытта әскер түрлері мен тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда мемлекеттік тілді дамыту бөлімдері, қызметтер, топтар, мамандар қызмет атқарады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді дамыту мамандарының жұмысы үшін нормативтік-құқықтық негіздері: заңдар, оқыту бағдарламалары, төл әскерімізде мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары, жеке тапсырмалар жоспарлары жасалды. Осы құжаттардың негізінде Қарулы Күштерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар атқарылды.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес Қарулы Күштерде мемлекеттік тілді үйренуші әскери қызметшілер мен қызметкерлерге үш деңгей бойынша (бастауыш, жалғастырушы, тереңдетіп оқыту) мемлекеттік тілді оқыту процесі ұйымдастырылған.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде қажетті деңгейде жабдықталған 143 мемлекеттік тілді оқыту сыныбы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тіл үйренушілердің жалпы құрамын 50-ден артық ұлттың өкілдері құрайды.
2004 жылдан бері оқыту процесі арқылы мемлекеттік тілді меңгергендер саны жылдан жылға артып келеді. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша 19 мыңға жуық тіл үйренуші мемлекеттік тілден емтихан тапсырып, оның ішінде3 мыңға жуығы оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты.
Қорғаныс министрлігінде барлық ресми іс-шаралар, алқа отырыстары, жиналыстар мемлекеттік тілде жүргізіледі.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
242
0