Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:27, 06 августа 2013

Таланттарды түлеткен көпкүндік


«Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода

«Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода. Еліміздің ең үздік велоспортшыларының бәрі осы көпкүндікте шыңдалып, спорттық ғұмырларын осы додадан бастаған.

Шығыс Қазақстан облысында велоспорттан «Қазақстан оқушысы» деп аталатын дәстүрлі көпкүндік веложарысы басталды. Осымен 44-ші рет ұйымдастырылып отырған аталмыш додаға еліміздің бірнеше аймағы мен Өзбекстаннан жалпы саны 121 велошабандоз қатысуда.

«Қазақстан оқушысы» – аламан теңдессіз дода. Еліміздің ең үздік велоспортшыларының бәрі осы көпкүндікте шыңдалып, спорттық ғұмырларын осы додадан бастаған.

Атап айтқанда, Андрей Кивилев, Александр Шефер, Сергей Третьяков, Александр Винокуров, Андрей Мизуров, Андрей Кашечкин, Дмитрий Фофонов, Асан Базаев, Роман Киреев сынды әйгілі кәсіби велоспортшыларымыз осы көпкүндіктің әр жылдардағы жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болған.

Бұл көпкүндік алғашқы 30 жылда тек Алматыда өткізілсе, кейінгі 14 жылда Шығыс Қазақстан облысының тас жолдарында ұйымдастырылып келеді.

Биыл 44-ші рет жалауын көтерген бұл көпкүндік 3 тамыз күні басталған. 10 тамызға дейін жалғасады. Бір апта бойы 15-18 жас аралығындағы жас велошабандоздар күніне 80-100 шақырымдық кезеңдік жарыстарда бәйгеге түседі. Критериум бәйгесі мен жарыс жолына спортшыларды жеке-жеке жіберетін жекелей сын да бар.

ҚР велоспорт федерациясының Техникалық директоры Александр Антышев осы көпкүндік жайлы біраз құнды деректерді тілге тиек еткен еді. Енді соған құлақтүрейік:

– Биыл дәстүрлі көпкүндік веложарыс өте жоғары деңгейдеұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің арқасында жарысөткізілетін тас жолдар жөндеуден өтіп, ой-шұңқырлары тегістелді. Спорттық тұрғыдан алғанда, бұл – көпкүндіктің маңызы өте зор, деңгейі аса жоғары.

Көпкүндік додаға қатысып жатқан велоспортшылардың дені – спорт шеберлері немесе спорт шеберлігіне үміткерлер. Сондай-ақ олардыңарасында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасының мүшелері бар. Олар осы  көпкүндік аяқталған соң жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына аттанады.

Өз кезегімде, Астана және Шымкент қалалары мен Қызылорда облысыныңжан-жақты дайындықпен келгендерін айрықша атап өткім келеді. Аталғанүш аймақ биылғы көпкүндікке екі командадан қосып отыр.

Ал Қызылордадан келген жас спортшыларға облыс әкімдігі баға жетпес сыйлық тарту етіпті. Атап айтқанда, осы өңірдің спорт мектебіне 150 велосипед және 8 автокөлік алып берген! Басқа өңірлердің де басшылары велоспортқа осындай қамқорлық жасаса ғой, шіркін!

 

Александр Леонидович дәл қазіргі сәттегі жағымды жаңалықтарды қысқаша айтып өтті ғой. Ал біз келеңсіз тұстарына тоқталар болсақ, биыл аталмыш көпкүндікке кезінде әлем чемпионатының жүлдегерлері түлеп ұшқан Саранскқаласының велоспортшылары келе алмаған. Тіпті Қарағанды қаласы да өз командасын қоспаған. Сондай-ақ Оралдағы спорт мектептің жас велошабандоздары шығыстағы аламан бәйгеге келмепті.

Шешек-Тарғын-Шешек бағытындағы 82 шақырымға созылған бірінші кезеңдік бәйгеде «Астана-1» командасының велоспортшысы Григорий Штейн топ жарды. Оның командаласы Владислав Филипович мәре сызығын екінші болып қиса,Өзбекстаннан келген қонағымыз Владислав Гальянов үшінші орынға ие болды.

Ал Шешек-Базанбай-Шешек бағытындағы 89 шақырымдық екінші кезеңдік бәйгеде «Астана-1» командасының велошабандозы Григорий Боцан жеңімпаз атанды. Талғардың таланты Нияз Шустов екінші орынды, солтүстікқазақстандықАлександр Овсянников үшінші орынды иеленді.

Екі кезеңдік жарыстан соң кейінгі жалпы есепте «Астана-1» серкелері алдарына да, араларына да жан салар емес. Үздік үштікте – Г.Боцан, В.Филипович және Г.Штейн.

ХХХХІV «Қазақстан оқушысы» көпкүндігінде әрбір кезеңдік бәйгеден соң жалпы есептегі жағдай ғана жаңғыртылып отырмайды. «Үздік таулы-қыратты жолдар шабандозы» және «Белсенді велошабандоз» номинациялары бойынша ұпайүлестіріліп, «Жалпыкомандалық есеп» түзіліп отырады.

Олардың қорытындысына дәстүрлі көпкүндік аяқталған соң тоқталармыз. Әзірше 17 команданың тізіміммен және олардың құрамында қанша спортшы бар екендігімен таныс болыңыздар:

Астана-І – 9 велоспортшы,

Астана-ІІ – 10

Қызылорда облысы-І – 6

Қызылорда облысы-ІІ – 7

Шымкент – 14

Талғар – 12

Жамбыл облысы – 9

Өскемен – 9

СҚО – 9

Алматы – 7

ШҚО – 6

Талдықорған – 5

ОҚО – 4

Қостанай облысы – 3

Қарағанды облысы – 3

Павлодар – 3

Ақмола облысы – 1

Өзбекстан – 4


Нұрғазы САСАЕВ

 
0
279
0