Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:27, 06 августа 2013

Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойын тойлайтын күн бекітілді


Қазақ футболының 100 жылдық

Қазақ футболының 100 жылдық торқалы тойы аталып өтетін нақты күн бекітілді. Шығыс Қазақстан облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, мерейтой 21-22 қыркүйекте Семей қаласында өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бүгінде еліміздегі ең үлкен спорттық мерекеге кешегі кеңестік дәуірдегі аты аңызға айналған «Спартак» (Мәскеу), «Рубин» (Қазан), «Динамо» (Тбилиси), «Қайрат» (Алматы), «Восток» (Өскемен), «Спартак» (Семей) футбол клубтарының ардагерлері қатысуға келісімдерін беріп қойыпты. Олардың қатысуымен Семейдегі күрделі жөндеу жүргізілген «Спартак» стадионында жолдастық кездесулер өтеді. Бұл – футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер үшін әйгілі аяқдопшыларды көз-бен көріп, қолтаңбаларын алуға тамаша мүмкіндік.

Сонымен қатар бұл күндері қаланың орталық көшелерімен мерекелік шеру өткізіліп, «Миллиондар кубогы»

деп аталатын республикалық турнир ұйымдастырылады. Ал әлемдік деңгейде ән салып жүрген жұлдыздардың келуі тойдың көрігін одан ары қыздыра түспек.

Жобаның шығармашылық тобы қазіргі күні әзірлеп жатқан қазақ футболының жүз жылдық тарихынан сыр шертетін мазмұнды фильмнің тұсаукесері айтулы мереке қарсаңында Өскемен мен Семей қалаларының кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарланған.

 

«www.bnews.kz».

 
0
172
0