Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
20:27, 06 августа 2013

Дәстүрлі киім хиджаб тиымдарына жауап...

Бірнеше жыл ішінде біздің еліміздің аумағында халықтың арасында, оның ішінде көбінесе жастардың арасында дінге қызығушылық артып келеді. Үңіліп қарайтын болсақ біздің қазақ жастарымыз ислам дініне көңілдерін бөліп, араларыңа сіңіп кетті.

Жастарымыз шылым-ішімдікті, ессіз қыдыруды, жаман әдеттерді қойып, жаман жолдан аулақтағанына қарамастан үлкендердің арасынан және үкіметтен бұндай жағдайға біршама қарсылықтар туғаны білінді. Көбінесе қарсылықтар осы жолды қуған бойжеткендеріміздің киім-тұрысына қарай бағыталған болатын. Ол яғни ұлдарымыздың сақал өсіруіне байланысты, ал қыздардың жабық киім мен басына орамал (хиджаб) киюіне байланысты ашық түрде сын айтылып, осындай киімге әлеуметтік маңызды орындарда киюіне тіпті тиым салуына әкелді. Сондықтан мен бүгін осы мәселеге байланысты сөз қозғап, өз ойымен бөліскім келеді.

Осы діни жолды қуған қыз бойжеткендеріміздің орамал мен жабық киім киюіне байланысты тиым салуына көңілдеріңізді аударғым келіп тұр. Әрине, үкіметтің бұндай шешіміне бір себеп болу керектігі сөзсіз ойымызға келеді. Бұған біздің Елбасымыз былай деп жауап берген: «Аналарымыз, әпке-қарындастарымыз, қыздарымыз орамалға оранып алып, басқа халықтардың киімін кигені бізге керек пе? Бізбен бір дастарқанда отырып тамақ ішпеуге тиіс пе? Көлік жүргізбеуі керек пе? Мұның бәрі – басқа елдердің орныққан дәстүрлері, біздің даламызда ондай дәстүрлер ешқашан болған емес. Классиканы оқыңыздар, фильмдерді көріңіздер». Мүмкін сіздер бұл жағдайда, Елбасымыздың сөздеріне қосылатын боласыздар. Бірақ менің бұл жағдайға өзімнің ойым бар.

Әрине, біз бәріміз қазақ болғандықтан өз дәстүрімізді ұмытпай, сақтап ұстауымыз жөн, келісемін. Бірақ, хиджабты біздің дәстүрлі киімізден алшақ деп айта алмаймын, тіпті бір нәрсе деп айта аламын, атауларында өзгешелік болмаса. Оны сіздерге тіпті дәлелдеп те аламын.

Қазақтың дәстүрлі киімдері дегенде ойымызға бірден сәукеле мен ою-өрнекпен әшекеленген көйлек киген, ұзын шаштары екі жаққа өрілген жас қыздарымыз келеді.

Blog post image

Хиджабтан алшақ және шашты жаппайтыны дұрыс, ол солай, бірақ бұл киім үлгісін тек жас тұрмыс құрмаған қыздар ғана киген. Ал бүкілімізге белгілі болғандай бұрынғы замандарда қыздарымыз 13-15 жастардан аспай тұрмыс құратын болған, яғни ислам бойынша мүшел жасты аттап.

Бірақ орамал мен хиджаб дегенде неге ойымызға дәстүрлі киіміздің тағы бір түрі «кимешек» неге келмеске?

Blog post image

«Кимешек– қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешектің иекті айнала, маңдайды жауып тұратын екі жағын шықшыт дейді. Кимешек жас ерекшелігіне қарай көркемделеді. Жасы егделенген әйелдердің Кимешегінің ою-кестесі жеңіл, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердің Кимешегі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын жақ деп атайды. Кимешектің белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы құйрықша деп аталады Кимешек кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады. Тек адамның бет-әлпеті ашық тұратын жері ойық болады.»

Кимешекті тек қана тұрмыс құрған әйелдер киген.

Blog post imageBlog post imageBlog post image

Blog post image

Хиджабтан тым алшақ емес, солай емес па? Өздеріңіз салыстырып көріңіздер

Blog post imageBlog post image

Сондықтан менің ойымша бұндай үкіметтін айтылған себептерін қайта қарастыру қажет. Егерде солай болатын болса орамалды кимешек деп, ал хиджабты дәстүрлі көлек деп киюге болады. Сондықтан тиым салғаны тым қате деп есептеймін.

0
5447
2