Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінде ұшқыштар күнгізгі және түнгі ұшулармен шеберліктерін шыңдады

МО РК 2013 M08 6
199
0
0
0

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған бас қолбасшы басқармасының бір топ офицерлері Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан авиациялық бөлімде...

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған бас қолбасшы басқармасының бір топ офицерлері Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан авиациялық бөлімде болды.

Күндізгі және түнгі ұшуларды орындау авиациялық бөлімдер жауынгерлік әзірлігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өту қажет. Бұнсыз авиаторлардың қызметтік іс-әрекетін елестету мүмкін емес.

Топтың жұмысы барысында МиГ-29 және Су-25 ұшақтарымен ұшу және қону міндеттерін орындауға арналған мақсатты ұшулар өткізілді.
Ұшудан кейінгі жиналыста Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы көптеген ұшқыштардың ұшу сағаттары бойынша көрсеткіштерінің жоғары екенін атап көрсетті. Бұл көкке көтерілуге бет алған жас буынға берілуі тиіс бай тәжірибенің өлшемі.
– Жалпы алғанда Әскери әуе күштері бұл бөлімінің жеке құрамы ұшақты басқару техникасын және оны жауынгерлік қолдануды жетік меңгерді, – деп Нұрлан Орманбетов атап өтті.
Бұл күні осы бөлімде түнгі оқу-жаттығу ұшулары болды. Мұндай ұшуларды өткізу – еліміздің әуе кеңістігін күзету мен қорғау жөніндегі міндеттерді орындайтын әскери ұшқыштардың шеберлігін арттыруға арналған міндетті талап.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше