Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
23:27, 05 августа 2013

Өскеменде пионербол ойынын жандандыруда


пионербол

Өскеменде мектеп оқушылары арасында пионерболдан ауқымды жарыс өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«6 тамыздан бастап Өскеменде «Спорт, жаз, демалыс» жазғы спартакиадасын өткізу басталады. Шара барысында қаладағы мектеп оқушылары арасында пионерболдан жарыс ұйымдастырылады. Жарыс дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіледі», – деді Өскеменнің ішкі саясат бөлімінде.

«Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Өскемен қаласы білім бөлімінің командалық алғыс хатымен марапатталады. Жарысқа мектеп оқушылары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, спортшылар, спорт ардагерлері, қаладағы спорт қауымының өкілдері, мектептердің құрама командалары қатысады», деді ІСБ-де.

 

«www.bnews.kz».

 
0
222
0