Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:26, 05 августа 2013

Албандықтарға қарсы ойында «Шахтер» өз басымдылығын қорғайтын болады


Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков албаниялық «Скендербеу» клубымен өтетін ойын алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайдыSports.kz.

– Бізге қарсылас командамен ғана емес, ылғал және ыстықпен де күресуімізге тура келеді. Мұндағы ауа райын өздеріңіз көріп тұрсыздар, мұның барлығы ойынға өз әсерін тигізеді. Ауыр болатыны анық. Бірақ бастысы – өз басымдылығымызды қорғау керек, – деп атап өтті Виктор Кумыков.

– Ертең ойын көбіне психологиялық сипатта болмақ. 3:0 есебі мазасызданбауға себепші болуы мүмкін. Футболда мысал көп. Осы орайда қандай жұмыстар жүргізілді?

– Біз бірінші ойыннан кейін-ақ бірден осы бағытта жұмыс істей бастадық. «Бобруйск» пен «Тирандар» клубтарын, өзіміздің «Ақтөбе» 3:0 бола тұра, кейін 3:4 есебімен жеңіліп қалғанын және біздің клубтардың үлкен есеппен ойсырай жеңілгендерін мысалға келтірдік. Футболшылар барлық жауапкершілікті сезініп отыр, ертең бар күштерін салады.

– «Шахтер» үшін бірінші орында не тұр?

– Қақпаға допты кіргізбеу.

– Ненің есебінен?

– Қорғанысты жақсы ұйымдастыру есебінен. Бар күш-жігерін салып ойнап, жеңіліске жол бермеу есебінен.

Еkaraganda.kz атап өткендей, 6 тамызда Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионындағы жарық диодты экранда УЕФА Чемпиондар Лигасынан тікелей көрсетілім болады. Ойын сағат 24:00-де басталады.

 

«www.bnews.kz».

 
0
276
0