С. Емельянов Канадада өткен ескек есуден әлем чемпионатында жеңіске жетті

Kazsport agent 2013 M08 5
202
0
0
0

Қазақстандық каноэші Сергей Емельянов Канада елінде ескек есуден әлем чемпионатында мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі. «1-4 тамыз аралығында...


Сергей Емельянов

Қазақстандық каноэші Сергей Емельянов Канада елінде ескек есуден әлем чемпионатында мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.

«1-4 тамыз аралығында канадалық Вейланд қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өткен. Бұл аталмыш жас санатындағы тұңғыш рет өткізіліп отырған әлем чемпионаты. Каноэ-бірлікте Сергей Емельянов 1000 метрге есуден венгерлік спортшы Кристоф Каут пен украиндық ескекші Павло Алтуховты басып озып, 3:55 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті. 200 метрге есуде қазақстандық каноэші венгерлік спортшы Джонатан Хайдтен бірнеше милисекунд артта қалып қойды (00:00:00:120)»,- деп жазылған хабарламада.

Барлығы Қазақстанның атынан 12 спортшы қатысты. Сонымен қатар, жарыс нәтижесі бойынша Сергей Емельянов пен Екатерина Кальтенбергер (1998 ж.) 2014 жылы өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасы ойындарына қатысуға жолдама иеленді.

 

Оцените пост

0