Құрлық әскерлерінде жауынгерлік оқу жалғасуда

МО РК 2013 M08 5
194
0
0
0

2013 жылғы 12-15 тамыз аралығында Қазақстанның батысындағы «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басшылығымен «Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу...

2013 жылғы 12-15 тамыз аралығында Қазақстанның батысындағы «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басшылығымен «Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы болып өтеді.

қу-жаттығуға Құрлық әскерлерінен бөлек Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тартылады.

Әскери басқару органдарының ықпалдастығын жетілдіру, әскерлердің далалық дағдысын арттыру және командирлер мен штабтардың әскерлерді басқарудағы тұрақты іс-тәжірибесін қалыптастыру өткізілгелі отырған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты болып табылады.

«Батыс-2013» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы әскерлердің далалық дағдысының деңгейін арттыруға жасалған кезекті қадам болып табылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше