«Шахтердің» қақпашысы Мокин – Қазақстан премьер-лигасының үздік ойыншысы

Kazsport agent 2013 M08 4
148
0
0
0

32-жастағы «Шахтердің» қақпашысы Александр Мокин Қазақстан премьер-лигасының шілдедегі үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. Ол чемпионаттағы жалғыз матчын «Тобылға» қарсы өткізді (2:0)...

32-жастағы «Шахтердің» қақпашысы Александр Мокин Қазақстан премьер-лигасының шілдедегі үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол чемпионаттағы жалғыз матчын «Тобылға» қарсы өткізді (2:0), ал Чемпиондар лигасында үш ойын өткізіп, қақпаға бірде-бір доп жібермеді. Сұрау салу арқылы өткізілген сайыста жеңімпаз 28 ұпай жинады.

Екінші орынды 29-жастағы «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Марат Хайруллин иеленді. Шілдедегі үш матчта Марат Хайруллин 3 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Марат Хайруллиннің қоржынында 16 ұпай.

Үшінші орынға 32-жастағы «Тобыл» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев тұрақтады. Жұмасқалиев шілдеде ел чемпионатындағы 148-ші голын соғып, Олег Литвиненконың рекордын бұзды.

Дауыс беру қорытындысы:

1. Мокин Александр «Шахтёр» — 28 (7,3,1)

2. Хайруллин Марат «Ақтөбе» — 16 (3,3,1)

3. Жұмасқалиев Нұрбол «Тобыл» — 8 (1,2,1)

4. Хижниченко Сергей «Шахтёр» — 7 (2,-,1)

5-6. Кападзе Тимур (Өзбекстан) «Ақтөбе» — 6 (1,1,1)

5-6. Сидельников Андрей «Ақтөбе» — 6 (1,1,1)

7-8. Бақаев Ұлықбек (Өзбекстан) «Ертіс» — 5 (1,1,-)

7-8. Нөсербаев Таңат «Астана» — 5 (1,1,-)

9. Каньяс Роджер (Колумбия) «Шахтёр» — 5 (1,-,2)

10. Карпович Андрей «Ордабасы» — 4 (-,2,-).

 

«www.bnews.kz».

 

Оцените пост

0