Тікелей эфир

Біз кімдерміз?

КҮН СӘУЛЕСІ ТҮСПЕГЕН

Бұл спектакльге бара бергім келетінін аңғардым. Іштей осы құштарлықтың себебін іздеп, арпалысқа түскен сәттерім де аз болмады. Әлі де болса, нақты жауабын таптым деп айта алмайтын сияқтымын. Алайда, аталмыш қойылымға деген қызығушылығым бәз баяғы қалпында. Бірнеше рет тамашаласам да, «тағы көруім керек» деген ойдың жетегінде жүремін.

Сәуір айының 16-17 аралығында елордалық Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры тың туындымен толықты. Испан елінің драматургі Антонио Буэро Вальехоның пьесасын Еркін Жуасбек қазақшаға аударса, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Нұрлан Жұманиязов дүйім жұрттың назарына ұсынды.

Оқиға бір отбасының төңірегінде өрбігенімен, бүкіл адамзатқа арналған. Жалғыз жанұяның мәселесін қарастырып қана қоймай, баршамызды терең ойдың тұңғиығына апарады. Спектакль барысында қайталанып қойылатын «мынау кім, ал мынау ше?» деген сұрақ жұмбақтың шешуі іспеттес.

Бүгінгі күнді, қазіргі қоғамның бейнесін ашып, адамдардың ашылмаған қырларын танытуға мол мүмкіндік береді. Қай кезеңді алып қарамасақ та адал еңбек пен қасқағым сәтте байлыққа кенелу бір-біріне қарама-қайшы болып келеді.

Шымылдық ашыла салысымен суретші жұмысына көңіл бөлдім. Шынар Елембекова сахнаны өте ұтымды пайдаланған. Редакция, жер төледегі үйге айналған бөлмелер, барлығы дерлік сахнадан өз орнын тапқан.

Режиссердің аталмыш қойылымдағы жемісі — актерлер құрамын дұрыс таңдауы деп білдім. Және атақ-даңққа, байлыққа, яғни жоғарыға ұмтылғандар үстінде орналасса, адал еңбек пен таза арын арқалағандар сахнаның төменгі жағында орын алады. Бұл да режиссердің тапқырлығы. Алайда, басты күш актерлік шеберлікке келіп тіреледі.

Әкесін кейіптегендер: ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері — Ақыш Омар және Боранбай Молдабаев, шешесі: Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты — Майра Омар, екінші құрамда — Бақыт Исабекова. Марионы кескіндегендер: ҚР еңбек сіңірген қайраткері — Нұркен Өтеуілов пен Асылбек Қапаев, Висентені бейнелегендер: ҚР «Дарын» сыйлығының иегері — Сырым Қашқабаев, әріптесі —Қуандық Қыстықбаев. Энкарнаны ойнағандар: Жанар Қасымова мен Айман Карпсеитова.

Бұл туындыда актерлердің басым көпшілігі жоғарғы деңгейден көрінді. Енді біреулері жаңа қырларынан танылды десек, артық айтпағанымыз болар. Ақыш Омар өз кейіпкерін толық тани білген, тіпті сахнада есі ауысқан адамды шынайы, табиғи жеткізіп, құбылтып отырды. Дауыс ырғағында, қимыл-қозғалысында шынайы болмыс басым болды. Сол сияқты Сырым Қашқабаев пен Нұркен Өтеуілов те өз образдарын ашып, құлпыртып, жан-жақты қырларын зерттеп, зерделеп әсерлі де, тартымды ойын сыйлады. «Әттеген-ай» дейтін кез де болды. Айман Карпсеитованың Энкарнаның сезім иірімдерін түсінбегенін, аңғару қиынға соқпады. Шынайы махаббатын сезіне алмай, бойын қорқынышқа билеткен, шалыс басқан қыздың халін актрисаның ойынынан көре алмадық. Актрисамен бірге арпалысқа түсіп, онымен тіршілік күресіне, сезім сергелдеңіне түсе алмағанымыз хақ.

Соғыс кезінде аштықтан көз жұмғандар қанша ма? Сондай қиын-қыстау күндерде адамдық келбетін сақтап қалу біреулер үшін пайдасыз болып табылды. Керісінше ондайлар арам ойын іске асырып, тірі қалу үшін барлығына даяр болады екен. Дәл осы ұстанымды Висенте қолданған еді. Балалық шағында отбасын «құрбандыққа шалып», өзін аман сақтап қалуға тырысқан. Ақырғы азықты жымқырып қалып, туғандарын өліммен бетпе-бет қалдырған болатын. Уақыт өтіп, өткен іске өкініш білдіргенімен, суыған көңіл қайтадан жылынбасы анық. Бір рет аяғын шалыс басқандығы оның жазасына айналды. Қарындасының сол зұлмат ашаршылық кезінде көз жұмғанын әкесі ұмытқан жоқ. Он жасар Марио інісіне, ағасы Висенте сол кезде өмірдің шынайы келбетін көрсеткендей болды. Марио ақиқатты арқау етіп, кек алуды күтетінін сезбеді де, түсінбеді.

Ағайынды екі жігіттің ортасында ойыншыққа айналған Энкарна өзімен-өзі күресуге мәжбүр. Оның батылсыздығы, жігерсіздігі армандарынан алыстатады. Тіршілік үшін күресте адамдық болмысынан алыстамай, өзгелердің жемтігіне айналмау қаншалықты мүмкін? Жертөлені тұрақ еткен тұрғындар көшедегілердің аяғына қарап, кім екендерін айтып бере алса да, қастарындағы екіжүзділердің шынайы сипатын тани алмады.

Спектакль біраз көрерменнің жүрегінен орын ала білді. Көптен бері соғылмаған ұзақ шапалақтар, көрерменнің шынайы ықыласы аталмыш шығарманың үздік болғанын дәлелдей түсті. Біз кімдерміз осы? Қойылымды тағы да бір зерделеп көрейікші…

Гүлназ Ләмбек
Қазақ Ұлттық Өнер Университеті
«Театртану» бөлімінің 2 курс
студенті

Алия Arsik
2 тамыз 2013, 13:55
2092

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

біз кімбіз деген дұрысырақ сияқты


Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2492
  • 41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1903
  • 36
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1888
  • 19
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1730
  • 17
В отличие от развитых стран, село и город в Казахстане – две разные вселенные

В отличие от развитых стран, село и город в Казахстане – две разные вселенные

Я реально не знаю, что делать провинциалу, когда даже городские в родном городе, имея хоть какие-то связи, не могут найти приличную работу. В нашей стране брать кредит = харакири в будущем.
bez_prav
19 окт. 2017 / 15:15
  • 1862
  • 85