Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:32, 02 августа 2013

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кемесі теңіз жорығынан оралды

Blog post imageҚазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Қазақстан» зымырандық-артиллериялық кемесінің экипажы кемелік-жауынгерлік оқу-жаттығу барысында жоғары баға алды. Ашық теңізге шыққан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері ашық теңізде тактикалық сценарийге сәйкес кемеге шартты түрде әуеден және катерден шабуылын тойтарды, шартты түрде жаппай зақымдау қаруы, теңіз миналары қолданылуына қарсы әрекет етті, іздестіру-құтқару іс-шараларын жүргізді. Бұл әскери іс-қимылдар «жеке кемемен теңіз ұрысын жүргізу» жаттығуының шеңберінде жасалды.

Капитан-лейтенант Еркебұлан Дәркенбаев басқарған «Қазақстан» зымырандық-артиллериялық кемесінің экипажы қойылған міндетті нық сеніммен орындап шықты.

– Теңізшілер кемені басқару мен кемеде бар атыс құралдарын қолданудың жақсы деңгейін көрсетті, – деп әскери-теңіз базасының командирі бірінші дәрежелі капитан Сәкен Мансұров баға берді.

Әскери теңізшілердің жаттығулары Каспий теңізінің айдынында жоспар бойынша жалғаса бермек. ҚР ҚК ӘТК кемелерінің экипаждарын жауынгерлік дайындық қарқынын арттырып, жаңа міндеттерді орындауға әзірленуде.

Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің сапында гидрографиялық, ракеталық-артиллериялық, мина тралдаушы кемелер бар. «Қазақстан» зымырандық-артиллериялық кемесі отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің алғашқы өнімі. Биыл сәуір айында «Зенит» зауытында тағы да бір «Орал» атты әскери кеме құрастырылып шықты. Бұл кеменің экипажы да өздерінің міндеттерін атқаруға кірісті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
366
0