Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:52, 01 августа 2013

Олар Бразилияға барады...


Сборная Казахстана по дзюдо 2013

Тамыздың 26-31 аралығында Бразилия астанасы Рио-де-Жанейро қаласында дзюдодан 28-і әлем біріншілігі басталады. Дүниежүзілік додадан Қазақстан дзюдошылары да сырт қалмайды.

Тамыздың 26-31 аралығында Бразилия астанасы Рио-де-Жанейроқаласында  дзюдодан  28-і әлем біріншілігі басталады. Дүниежүзілік додадан Қазақстан дзюдошылары да сыртқалмайды. Ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Иманбеков«Алаш Аренаға» Бразилияға аттанатын дзюдошылар есімін жария етті.

60 келі: Елдос Сметов, Асхат Тельманов

Ең жеңіл салмақтағы балуандарға әлбетте сенім артамыз. Себебі, ұлттық құрама балуандарының ішінде тұрақты өнер көрсетіп, жүлделі орынға ілігіп жүрген осы екі жігіт. Алматыда өткен дзюдошылардың жаттығу жиынында Асхат та, Елдос та Риодағы бәсекеде бар күшін салып белдесетінін жеткізген болатын.

66 келі: Сергей Лим, Азамат Мұқанов

Сергей Лимді отандық дзюдо жанкүйерлеріне таныстыру артық шығар. Түмендеөткен «Шартарап шеберлері» турнирінің жеңімпазы өз салмағындағы әлем мықтыларымен тайталаса алатын жігіт. Енді ол Рио татамиінде тайсалыпқалмауы тиіс. Азамат Мұқанов жас балуан. Биыл өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған Азаматқа бапкерлер қауымы сенім артып отыр.

73 келі: Ертуған Төренов

Ертуған Төренов елімізде өз салмағының үздігі саналады. Бірақ, бапкерлер берген мүмкіндікті ол сәтімен пайдалана алмай жүр. «Үлкен Дулыға», Гран При турнирлері секілді сайыстардан Ертуған жүлдесіз оралды.

81 келі: Дәулетхан Жақыпов

Тараздық жас балуан Дәулетхан  Азия чемпионатының командалық сынындақола жүлдегер атанды. Одан өзге ауыз толтырып айтатын табысы жоқ. Ересектер құрамасына енді өткен Дәулетхан Қазан Универсиадасында екі белдесуде жеңіске жетіп, үшінші сында сүрінген екен. Дәулетханға сәл тұрақтылық жетіспейді.

90 келі: Ислам Бозбаев

Еліміздегі танымал дзюдошылардың бірі Ислам Бозбаев 90 келі салмаққа өткелі бері, ерекше жеңістерімен қуантқан жоқ. Әрине, бұл салмаққа бейімделіп кетуүшін біраз уақыт керек. «Үлкен дулыға» турнирінде жүлдеге іліккен Ислам үшінҚазандағы Универсиада да сәтсіз аяқталды.Ал Бангокте өткен Азия чемпионатында жерлесіміз үшінші орын алған болатын.

100 келі: Максим Раков

Әзірге дзюдо спорты бойынша елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Максим Раков Лондон додасынан соң ес жия алмай жүре ме, әлде бабын жоғалтып алды ма, әйтеуір, жеңіс тұғырынан көріне алмай жүр.  2009 жылғы әлем чемпионы Максим 2011 жылы дүниежүзілік сында күміс жүлдегер атанды. Финалда ресейлік Тагир Хайбуллаевтан ұтылып қалған еді. Енді барлық қателігін Раков Риода түзетуі тиіс.

+100 келі: Ержан Шынкеев

Аса ауыр салмақта Ержан Шынкеев ел намысын қорғайды. Жақында ғана «Қазақстан Барысы» додасының күмісін олжалаған қарағандылық балуан дзюдодан Азия чемпионатында үшінші сатыдан көрінген екен. Лондон Олимпиадасының бірінші айналымында жеңіліс тапты. Одан өзге ірі жеңістерімен мақтана алмайды. Негізі, ауыр салмақтағы алып та шебер балуандармен мақтана алмаймыз. Бұл сөзді бас бапкер Ермек Иманбеков те мойындайды. «Ержанныңбойы аласалау. Ал бұл салмақтағы шетелдіктердің ірі болатынын білесіз. Сондықтан, Шынкеев шын шеберлермен тайталаса алмай тұр» деген бапкер бір сөзінде. Енді Ержанның  әлеуетін Рио татамиінде тағы бір байқап көреміз.

P.S. Рио-де-Жанейро қаласында өтетін әлем чемпионатының биылғы ерекшелігі командалық бәсекенің өтуінде болмақ. Яғни, жекелей белдесулерден бөлек, командалық бәсекелер де өтеді.

 

Алаш Арена

 
0
307
0