место в рейтинге
  • 717718
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Азия чемпионатын жеңіспен бастадық


Азия чемпионаты баскетболдан логосы

Бүгін Манилада (Филиппин) баскетболдан ерлер арасындағы ХХVІІ Азия чемпионаты басталды. Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Таиланд тарландарымен өткізіп, 81:67 есебімен басым түсті.

Бүгін Манилада (Филиппин) баскетболдан ерлер арасындағы ХХVІІ Азия чемпионаты басталды.

Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Таиланд тарландарымен өткізіп, 81:67 есебімен басым түсті.

Бұл ойында Антон Пономарев құрама қоржынына 21 ұпай, ал «жаңа қазақ»Джерри Джонсон 15 ұпай салды. Қалған ойыншыларымыздың техникалықкөрсеткіштері:

Рустам Мырзағалиев – 13 ұпай, Дмитрий Климов – 12 ұпай, Рустам Ерғалиев – 7ұпай, Виталий Лапченко – 6 ұпай, Константин Двирный – 4 ұпай, Александр Жигулин – 3 ұпай.

*  *  *

11 тамызға дейін созылатын ХХVІІ Азия чемпионатына «Сарықұрлықтың» 16үздік құрамасы қатысуда. Олар төрт топқа тең бөлінген. Қазақстан құрамасыҮндістан, Бахрейн және Таиланд баскетболшыларымен «D» тобына түсті.

Қазақстан құрамасы ертең Бахрейн, ал cенбі күні Үндістан баскетболшыларымен кездеседі. Бұл – Азия чемпионатының бірінші кезеңі ғана. Содан соң төрт топта 1-3-орындарға ие болған 12 құрама екі топқа жіктеледі.

Нақтырақ айтқанда, «А» және «В» топтарында алғашқы үш орынға ие болған алты құрама «Е» тобын құрайды. Ал «С» және «D» топтарында 1-3-орын алғандар «F» тобында додаға  түседі.

Бұл Азия чемпионатының екінші кезеңі болып табылады. Мұнда бірінші кезеңде бір топта ойнаған құрамалар бір-бірімен кездеспейді. Яғни алғашқы топтықкезеңдегі ойындарының нәтижелері екінші кезеңде де есепке алынады. Тек басқа топтан келген үш командамен кездесіп шығады.

Содан соң бес ойынның қорытындысы бойынша ширек финалға шығатын сегіз команда анықталады. Яғни екінші кезеңдегі «Е» және «F» топтарында 1-4- орындарды еншілеген азулы құрамалар ширек финалға шығады.

Ширек финалда додаға түсетін жұптар үлгісі алдын-ала бекітіліп қойған: Е1 – F4, Е2 – F3, Е3 – F2, Е4 – F1.

Осы төрт жұпта жеңіске жеткендер жартылай финалға шығып, әрі қарайүйреншікті жүйемен Азия чемпионатының жүлдегерлері анықталады.

Бірден айтайық, биылғы Азия чемпионатының жүлдегерлері 2014 жылы Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын болады. Сондықтан жүледі орындарға ие болудың бағасы да, маңызы да зор болмақ.

Қазақстан құрамасы биыл алдына үлкен мақсат қойып, үздік үштікке ілігуді көздеп отыр. Яғни келесі жылы әлем чемпионатына қатысу мақсат тұтылуда.

Осы орайда айта кетейік, Азия чемпионатының алғашқы кезеңіндегіқарсыластарымызды ұтуға болатын сияқты.

Ал екінші кезеңде өте қиын болады. Себебі «С» тобына Азия баскетболыныңөңшең ығай мен сығайлары түскен. Атап айтқанда, Қытай, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары екінші кезеңде біздің жігіттермен «F» тобында бірге ойнауы тиіс.

Қазақстан құрамасы биылғы Азия чемпионатына егжей-тегжей дайындалды. Бірінші кезекте, құрама тізгіні «Астана» клубының бас бапкері, Италия маманы Италия маманы Маттео Боничиоллиге ұстатылды.

Содан соң құрама сапы «Астана» клубы сапындағы америкалық ойынүйлестіруші Джерри Джонсонмен күшейтілді. Ұстараның жүзіндей лыпылдаған Джерри Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің намысын қорғауға келісімін берді.

Үшіншіден, осыдан бірер жыл бұрын «Барселона» (Испания) клубына ауысып кеткен Александр Жигулин шақыртылды. Бұған дейін оны ұлттық құрама сапына шақырту қиындықтар туғызып келген.

Ал биыл ел баскетболының қамын ойлаған іскер азаматтар «Барселона» клубымен де, Жигулинің өзімен де тіл табысып, күрмеуі күрделі түйінді түпкілікті шешкендей.

Сонымен қатар осы Азия чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы манилада жаттығу жиынын өткізіп, екі жолдастық кездесу өткізді. Әуелі Филиппинқұрамасынан 89:92 есебімен ұтылып қалса, одан соң жергілікті «Сан Мигель Кофе Миксерс» клубынан 87:82 есебімен басым түсті.

Осы ретте айта кетуге тиіспіз, Филиппин құрамасы – өте азулы команда. Бес дүркін Азия чемпионы. Бұл жетістік жағынан олардан тек Қытай құрамасы ғана озық. Қытай баскетблшылары – Азияның 15 дүркін чемпиондары. Қалған алты Азия чемпионатында екі реттен Иран, Оңтүстік Корея және Жапония жігіттері жеңімпаз атанған.

Жалпы, қазір баскетбол Азияда қарқынды түрде дамып келеді. Көптеген елдердің құрамаларының сапында Америка баскетболшылары ойнайды. Солардың бірі – Қазақстан құрамасының «D» тобындағы қарсыласы Бахрейн елі.

Бас бапкерді де АҚШ-та шақыртқан Азия мемлекеттері көп-ақ. Мысалы, «D» тобындағы біздің жігіттердің басты қарсыластары Үндістан құрамасын Скот Флеминг деген маман жаттықтырады. Яғни Қазақстан құрамасына жүлделі орындардың біріне ие болу мүлде оңай болмайды.

Десек те, үмітімізді үзбейміз. Біздің баскетболшылардың көбісі – екі жыл «ВТБ бірегей лигасында» шыңдалып, тәжірибе жинаған жігіттер. Енді солардыңтомағасын сыпырып, бұғаналары әлдеқашан бекіді ғой деп, дүлей додаға қосып отырмыз.

Ал Қазақстан құрамасының толық құрамы төмендегідей:

Аты-жөні Қай клубтан
4 Тимур Сұлтанов «Астана»
5 Джерри Джонсон «Астана»
6 Рустам Мырзағалиев «Астана»
7 Михаил Евстигнеев «Астана»
8 Виталий Лапченко «Каспий», Ақтау
9 Николай Бажин «Тигры-ЕНУ», Астана
10 Константин Двирный «Тобыл», Қостанай
11 Антон Пономарев «Астана»
12 Дмитрий Климов «Астана»
13 Рустам Ерғалиев «Астана»
14 Леонид Бондарович «Барсы», Атырау
15 Александр Жигулин «Барселона», Испания

Нұрғазы САСАЕВ

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
2 августа 2013, 11:51
167

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 13139
  • 24
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10724
  • 102
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 10090
  • 14
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9841
  • 32
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8308
  • 34
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 5105
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3937
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3217
  • 62