Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:58, 01 августа 2013

М. Құл-Мұхаммед Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чухенмен кездесті

2013 жылғы 23 шілде күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі М.А. Құл-Мұхаммедтің Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чухенмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында М.А. Құл-Мұхаммед екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қырқынды дамуын жоғары бағалады. Осылайша, 2012 жылы Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жылдық мерекесінің шеңберінде Кореяда Қазақстанның, ал Қазақстанда Кореяның Мәдениет күндері атап өтілді.

Сонымен қатар, 2013 жылдың тамыз айында «I MAESTRI» корей ерлерінің хор концертін өткізу мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға келісті.

Blog post image

 
0
309
0