Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:23, 31 июля 2013

Қазақстандық танкистер «Танк биатлонына» қатысады

Blog post image2013 жылғы 12-17 тамыз аралығында Ресей Федерациясының «Алабино» оқу-жаттығу кешенінің базасында өтетін «Танк биатлоны» жарысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танкистері қатысады.

Биатлонда біздің елдің намысын Т-72 бір негізгі және бір қосалқы экипаждары қорғайтын болады. Сондай-ақ, әскери делегация құрамына жауынгерлік даярлық өкілдері мен танкіге техникалық қызмет көрсету мамандары енген.

Қазіргі уақытта қазақстандық танкистер танк бөлімшелерінің жарысына барын салып дайындалуда. Шығыс Қазақстан облысындағы «Майлино» оқу-жаттығу полигонында механик-жүргізушілер максимальді жылдамдықта танк жүргізу, бөгеттер мен траншеялардан жүріп өту және маневр жасаудың әдіс-тәсілдерін пысықтауда. Экипаж 2500 метр қашықтықтағы нысаналарды атып дайындалуда.
Танк командирлерінің алдында атыс қаруынан 900 метр қашықтықтағы тікұшақ нысанасын атып түсіру тапсырмасы тұр. Жарыстағы тағы бір күрделі тапсырмалардың бірі қозғалыс кезінде 125 мм артиллериялық снарядтармен ату болып отыр.
– Қазіргі уақытта танкистеріміздің жарысқа дайындығы аяқталып келеді. Олар танк экипаждарының халықаралық жарысына қатысуға дайын. Қазір олар жарыс бағдарламасының жекелеген мәселелерін пысықтауда, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы генерал-майор Әлімжан Ерниязов.
Жарыс басталысымен механик-жүргізуші максимальді жылдамдыққа жетіп, жүргізу машығын көрсетуі керек. Бағыт тек тегіс жолдан тұрмайды. Танктер 50 метрлік қашықтықты ирек жол арқылы артқа қарай жүріп өтеді. Бағаналарды соққан және басқа да кемшіліктер болған жағдайда команданың негізгі уақыты шегеріледі.
Содан соң экипаж танкіге қарсы басқарылатын ракета атуға арналған учаскеге келіп, команда бойынша атуды бастайды. Нысана 2100-2200 метр қашықтықта орналасқан. Жарыстың шарты бойынша экипаж мүлт кеткен жағдайда 500 метрлік айып айналымына өтеді. Егер нысанаға дөп тисе, жүрісті жалғастырады.
Жарыс шеңберінде танктер су кедергісінен, «жауынгерлік көпірден», сондай-ақ бірнеше жылдамдықты қажет ететін учаскелерден жүріп өтуі керек.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
275
0