место в рейтинге
  • 717115
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Астанада» ауыс-түйіс тамамдалды


Олашени Абдул-Джелили Лавал

Халықаралық «ВТБ бірегей лигасында» өнер көрсететін «Астана» клубы құрамын біраз екшеді. Бірнеше тәжірибелі ойыншысымен арадағы келісімшартты ұзартпаған елордалық клуб солардың орындарын толықтырып болғандай.

Халықаралық «ВТБ бірегей лигасында» өнер көрсететін «Астана» клубықұрамын біраз екшеді. Бірнеше тәжірибелі ойыншысымен арадағы келісімшартты ұзартпаған елордалық клуб солардың орындарын толықтырып болғандай.

Өткен маусым аяқталысымен, мамыр айының ортасында «Астана» бірнеше баскетболшысымен жылы қоштасқан болатын. Елорда клубы құрылғалы команда сапында ойнап жүрген Максим Воейковпен және Всеволод Фадейкинмен арадағы келісімшарттар екіжақты шешім бойынша үзілді.

Екеуі де – қазақстандық ойыншылар. Екеуіне де мүмкіндік берілген. Команда бапкерлері екеуінің әлеуеттері мен деңгейлерінің қаншалықты екендеріне көз жеткізгендіктен бе, ұжымның іргесі қаланғалы бері қосқан үлестеріне алғыс білдіріп, екеуімен де қош айтысты.

«Астана» құрамындағы легионерлердің ішінде де келісімшарттары ұзартылмай,үйлеріне қайтқандары бар. Солардың бірі – Америка қорғаушысы Роул Маршалл. Бұл ойыншымен келісімшарттың ұзатылмауын «Астана» клубының ресми сайты оның жарақатымен байланыстырады. Ресми түрдегі мәлімдеме солай.

Әйтпесе Роул Маршалл да «Астана» клубы шаңырақ көтергелі осы команданыңнамысын жыртып жүрген ойыншы болатын. Жаман ойнаған жоқ-ты. Техникалықкөрсеткіштері де көп-көрім еді. Бірақ кім біледі, бапкерлер құрамы Роулдан да ширақ ойыншыны көздеді ме екен?.. Себебі Роул Маршалл әу бастағыдай емес, жыл сайын көптің бірі бола бастағандай да еді…

«Астана» сапында қалмаған легионерлердің қалғандары – Грекияның орталықшепте ойнайтын алыбы Андреас Глиниадакис пен Сербияның шабуылдаушықорғаушысы Неманьи Ярамаза. Бұл екеуінің жағдайы ашып айтпаса да түсінікті. Екеуі де тұрақты ойын үлгісін көрсете алмады. Көзге түсіп, команданы алға сүйреген ойындары – санаулы ғана.

Ал легионер деген үнемі жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, команданыңкөшбасшы серкесі болуы керек емес пе?! Біздіңше, бұлар өздеріне артылған сенімді толығымен ақтай алмағандай…

Осы бес ойыншымен достық қарым-қатынаста қоштасқалы біраз уақыт өткен. Жаңа ойыншылар команда сапына бірден алынбады. Команда басшылары мен бапкерлері асықпай, команда сапына алынатын әрбір ойыншыны саралап баққандай.

Ең әуелі маусым айының алғашқы күндері «Астана» құрамына америкалықГрекия ойыншысы Патрик Шон Калатес алынды. Бұл жігіт 1985 жылы 12 желтоқсанда АҚШ-тың Флорида штатында туыпты. Бойы 208 см шабуылшының екі азаматтығы бар екен – АҚШ және Грекия. Өткен маусымда «Маккаби» (Хайфа) клубының сапында ойнап, Израиль чемпионатының еңбағалы ойыншысы (MVP) атанған екен. Әрі аталмыш командамен Израиль чемпионы атанған.

Ал шілде айының үшінші бөлігінде «Астана» өз құрамын қазақстандық екі ойыншымен толықтырды. Олар – Тимур Сұлтанов пен Михаил Евстигнеев. Бұл екеуін Воейков пен Фадейкиннің орындарына алынған ойыншылар деп түсінген дұрыс болар.

Жасы 32-ден асқан Сұлтанов Қостанайдың «Тобылынан» келді. Воейков сияқты ойын үйлестіруші. Ал жақында ғана 29-ға толған Евстигнеев Атыраудың«Барсы» деп аталатын клубынан алынды. Еңгерзедей шабуылшы (бойы – 201 см, салмағы – 110 келі). Екеуі де – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары.

Осы аптаның басында «Астана» баскетбол клубы екі легионермен келісімшартқа отырғандығын жариялады. Олар – орталық шептің ойыншысы Олашени Абдул-Джелили Лавал және қорғаушы Янис Блумс.

Олашени Абдул-Джелили Лавал 1986 жылы 8 қазанда Нигерияда туған. Еңгезердей бұл шабуылшының да екі азаматтығы бар екен – Нигерия және АҚШ. Бойы – 208 см, салмағы – 102 келі. Баскетбол өнерінің қыр-сырына Америкада қаныққанымен, Катар мен Испания клубтарында тәжірибе жинақтаған. Одан кейін Италияға ойысыпты. «Астанаға» осы елдің «Тезенис-Верона» клубынан келіп отыр. Италия чемпионатындағы техникалықкөрсеткіштері адам қызығарлықтай екен. Көреміз енді, «ВТБ бірегей лигасында»қалай ойнарын…

Латыш қорғаушысы Янис Блумс баскетбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Жас кезінен бері Латвия құрамасының намысын қорғап келеді. 1982 жылы 20 сәуірде туған. Бойы – 188 см, салмағы – 86 келі. Латвия ғана емес, Литва, Польша, Испания, Италия клубтарының сапында ойнап, допты алыстан торшеңберге түсірумен аты шығып жүр. Былтыр Литваның «Летувос-Ритас» клубыныңсапында өнер көрсеткен. Өткен маусымда осы команда сапында «Астанаға»қарсы ойнап, шеберлігімен көзге түскен.

Міне, маусым аралығындағы «Астана» баскетбол клубындағы өзгерістер – осындай. Бес ойыншы кетіп, бес ойыншы келді. Кеткендердің де, келгендердіңде екеуі – өз ойыншыларымыз да, үшеуі – легионерлер. Команда сапына келген бесеу, кеткен бесеудің асып түсе ала ма, оны уақыт көрсетеді.

Алдағы маусымда плей-оффтың бірініші сатысынан өтуді мақсат тұтып отырған «Астана» құрамын осылай екшеді. Бұларға келісімшарттары ұзартылған немесеәлі өз күшінде мына ойыншыларды қосыңыздар:

Антон Пономарев, Рустам Ерғалиев, Рустам Мырзағалиев, Павел Ильин, Дмитрий Климов, Максим және Роман Марчуктер, Анатолий Колесников, Джерри Джонсон (бәрі де – Қазақстан құрамасының ойыншылары), Бранко Цветкович, Брион Раш, Дэвид Саймон (легионерлер).

 

Нұрғазы САСАЕВ

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
31 июля 2013, 11:26
162

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10215
  • 100
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9434
  • 32
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 9050
  • 23
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 7213
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
вчера / 13:45
  • 6156
  • 32
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4933
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3598
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 2871
  • 60