Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:24, 30 июля 2013

Қазақстанның волейболшы бойжеткені Вьетнамда ең әдемі ойыншы атанды

волейболшы бойжеткені

Вьетнамның Ниньбина қаласында әйелдер арасында «Вьетнам теледидары» кубогының халықаралық бәсекесі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Оған алты ұлттық құрама – алаң иелері, Австралия, Таиландтың жастары, Қазақстанның екінші құрамасы және қытайлық Shandong және Jiangsu атты екі клуб қатысты. Қазақстанның Людмила Перевертова жаттықтырған командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Олар тек Таиландтың жастарын жеңді.

Қуаныштысы сол, сайыс қорытындысында Қазақстан құрамасының сапында ойнаған 17 жастағы біздің облыстың «ШығысСвинецСтрой» командасының ойыншысы Әлия Баткулдина турнирдің ең әдемі («Ару VTV-Eximbank Cup 2013») волейболшысы атанды. Бойы екі метр қызымыз теледидар кубогына қатысқан бойжеткендердің ішінде ең көріктісі деп танылды. Ал кубокты Jiangsu командасы иеленді. Қытайлық клуб өткен жылы сегізінші орынды иеленсе, біздің ойыншылар бесінші сатыда қалған еді.

 

«www.bnews.kz».

 
0
253
0